Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

 

Атырау облысында Ұлттық спорт жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты ақпан айының 25-26 аралығында өтеді.

Жекпе-жек ойдан құрастырылған спорт түрі емес. Ол бабалар үрдісінің жалғасы, білектілер мен жүректілер сайысы. Бүгінде елдің ер ұландары ұлттық спортымызды насихаттап жүр. Атырау қаласында Ұлттық спорт түрі «Жекпе-жектен» ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты жалауын көтермек. Еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы сайысқа түспек.

Байрақты бәсекеде ерлер 10 салмақ дәрежесі бойынша, ал әйелдер 5 салмақта сынға түседі. Жеңіске жеткен спортшылар ЭКСПО қарсаңында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Сонымен қатар жарыста топ жарған спортшыларға спорт шебері атағы беріледі. Сайыс «Атырау» дене шынықтыру нысанында өтеді (орталық ФОК). Басталуы 10:00. Ашылуы 14:00.

 

 

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий