Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АШЫҚ СУҒА ЖҮЗУДЕН ЕЛ ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

АШЫҚ СУҒА ЖҮЗУДЕН ЕЛ ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Ашық суға жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындық үстінде. Команда көшбасшылары Виталий Худяков пен Кенесары Кененбаев Бахрейн елінде, ал қалған спортшыларымыз Тайланд елінде жаттығуда.

Виталий Худяков пен Кенесары Кененбаев бүгін Бахрейін еліне келіп жетті. Олар 10 күн бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, кейін Азия чемпионатына аттанады. Ашық суға жүзуден Азия чемпионаты биыл 8-ші рет Тайланд елінде өтеді.

Айта кету керек, былтыр мамыр айында Малайзияның Путраждая қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын.

Ашық суға жүзу спорты марафон секілді 5, 10 және 25 шақырымдарды құрайды. Әдетте мұндай қашықтықтарға жүзу үшін үлкен күш пен шыдамдылық қажет. Қазақ спортшылары арасында ресми жарыстарда ең алғаш 25 шақырымды бағындырған Кенесары Кенебаев болып табылады.

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий