Басты бет / Басқа түрлер

Басқа түрлер

АСТАНАДА СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ МЕН МАРКЕТИНГ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТЕДІ.

Сәуірдің 23-24 аралығында «Қазмедиа Орталығы» медиа-мектебінде «Спортты ұйымдастырудағы маркетинг пен байланыс. Спорт журналисткасындағы жаңа трендтер» атты PR және спорт маркетингі жайында семинар өтеді. Семинар отандық спорт журналистерді қолдау мен жетілдіру, баспасөз-қызметтері, спорт федерациялар мен ұйымдардың жұмыстарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылады. Бұл шараны «Олимпиадалық ынтықмақтастық» жобасының көмегімен Қазақстан Олимпиада комитеті ұйымдастырады. Аталмыш …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКРОБАТШЫЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды. Бельгияның Антверпен қаласында өткен әлем чемпионатында отандастарымыз жасөспірімдер арасындағы аралас жұпта өнер көрсетті. Бұл топта қазақстандық жұп Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк жеңіске жетті. Тағы бір отандастарымыз Немеренко мен Архипова жарыс қорытындысы бойынша сегізінші орын …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Баскетболдан Қазақстан құрамасы (3х3) Буэнос-Айресте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. Аталмыш дүбірлі додада ел намысын алматылық «National» командасы қорғайды. Жалпы Олимпиада турниріне жиырма мемлекет қатысады. Қазақстан құрамасынан өзге Олимпиада ойындарында мына командалар өнер көрсетеді: Андорра, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Венесуэла, Грузия, Иордания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Латвия, Монғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Словения, …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУДІҢ ЖАҢА МАУЫМЫ АШЫЛДЫ

  Алматыда, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошерудің тоғызыншы маусымы басталды. Спорттық шараға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Қала қонақтары мен түрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасқан 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Әуесқойлармен бірге бұл велошеруге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, …

толық оқу»

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ИСПАНИЯДА АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испанияда өтіп жатқан ашық чемпионаттың абсолютті чемпион атанды. Испанияның Малага қаласында өткен біріншіліктің соңғы күнінде отандасымыз үшінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл жолы Баландиннің бағындырғаны – 100 метр брасс. Осылайша аталған жарыс түрінен сарапқа салынған барлық үш медаль Баландиннің қоржынына түсті. Сондай-ақ, қазақстандық рекордсмен Әділбек Мусин …

толық оқу»

АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

  Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында арқан тарту, гір көтеру, қол күрестен жарыс өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Бұл сайыс Қазақ спорт және туризм академиясының спорт кешенінде жеті ЖОО-нан келген 100-ге жуық қыздар мен ұлдар арасында өтіп, осы спорт түрлерін дамытып, үздік командаларды …

толық оқу»

«МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ТЕГІН ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

  «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында осы жаппай сығанау маусымының коньки тебуді тегін үйретудің соңғы сабақтары өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында үш күн қатарынан тәжірибиелі бапкерлер барлық қалаушыларды конькимен сырғанауды тегін үйретті. Әсіресе, олардың көмегіне кішкентай бүлдіршіндер жүгінді. Сонымен …

толық оқу»

АТЫРАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей есептегі Халықаралық турнир өтті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты. Жарыс блиц түрі бойынша өткізілді. Жарысқа Қытай, Түркия, Ресей, Ауғанстан, Түркіменстан елдері және еліміздің қомандалары қатысты. Ерлер арасында 11 спортшы, әйелдер арасында 9 …

толық оқу»

НӘЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

2-6 наурыз аралығында Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 20 команда, 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫ БАСТАЛАДЫ

  Алматыда наурыздың 11-і күні футболдан көптен күткен аула командалары арасындағы лига басталады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін шара «Нархоз» (Жандосова-55/3) университетінің стадионында өтеді. Бұл жарысқа жасы 8-ден асқан ұлдар мен қыздар қатыса алады. Басталуы 09:00-де. Сонымен қатар, қатысушыларға «Қайрат» футзал командасының ойыншылары Игита …

толық оқу»