Басты бет / Қысқы спорт / ХОККЕЙШІЛЕР ИТАЛИЯЛЫҚТАРДАН БАСЫМ ТҮСТІ

ХОККЕЙШІЛЕР ИТАЛИЯЛЫҚТАРДАН БАСЫМ ТҮСТІ

22-28 сәуір аралығында Венгрия астанасы Будапештте хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Қазақстан құрамасы 1-ші дивизионның «А» тобында бақ сынайды.

Осы бір айтулы жарыс алдында Қазақстан хоккей құрамасы Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Италияның Энье қаласында өткен ойын 4:2 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді. Біздің құрамадан  Дмитрий Гренц пен Никита Михайлис және қос шайбамен Владимир Маркелов көзге түсті.

Италия — Қазақстан 2:4 (1:1, 0:3, 1:0)

1:0 — Ламбахер (Кастлунгер, Делука) — 01:14
1:1 — Гренц (Михайлис, Евдокимов) — 04:00 ГБ
1:2 — Маркелов (Полохов, Акользин) — 32:39
1:3 — Михайлис (Метальников) — 35:43
1:4 — Маркелов (Полохов, Шалапов) — 36:20
2:4 — Инсам- 48:49

Қақпашылар: Де Филиппо — Карлссон

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …