Бокс

ГОЛОВКИННІҢ КАНЕЛОМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ҮШІН ЖАТТЫҒУЫ БАРЫСЫНЫҢ ВИДЕОСЫ ШЫҚТЫ

Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері отандасымыз Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі алдында жаттығуының видеосы шықты. Youtube-тегі Behind The Gloves арнасы, Головкиннің Калифорнияда орналасқан «Big Bear Summit» лагеріндегі жаттығуының видеосын жариялады. Естеріңізде болса, Головкин мен Канело арасындағы …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫН 2018 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасын Индонезияда өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын Алматыда өткізген спорттық гимнастика, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, еркін күрес, спорттық құзға өрмелеу, су добы және волейбол командалары қатысты. «Құрама командалар Азиадаға дайындалу үшін ҰОК …

толық оқу»

ГОЛОВКИН КАНЕЛОНЫ ЖЕҢСЕ МІНДЕТТІ ҚАРСЫЛАСЫ АТАНУЫ МҮМКІН БОКСШЫНЫҢ ЕСІМІ АТАЛДЫ

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль, Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуге байланысты өз пікірін білдірді. «Егер GGG 15 қыркүйекте Канело жеңсе және WBC белбеуін өзінде сақтап қалғысы келсе, онда оған Чарломен жекпе-жек өткізу міндетті болады», — деп жазады Дэн Рафаэль. Айта кетсек, …

толық оқу»

ҰОК 2020 ЖЫЛҒЫ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІН ЖАПОНИЯДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

24 шілде күні, Жапонияның Фукуока префектурасындағы Курумэ қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жапон тарабы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қарсаңында олимпиадалық құрамаларды дайындау туралы әріптестік меморандумға қол қойды. Жапониядағы Олимпиада ойындарының басталуына екі жыл уақыт қалғанда Қазақстан ҰОК спорт Дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов пен Фукуока губернаторы Хироши Огава, қала мэрі …

толық оқу»

ГОЛОВКИН «THE RING» ЖУРНАЛЫНЫҢ МҰҚАБАСЫНДА

Атақты The Ring журналы, Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуіне арналған, басылымының және электронды нұсқасының мұқабасын шығарды. Мұқабада Головкин мен Альварестің көз арбасуы бейнеленген, және де «War!» (аудармасы «соғыс») сөзі жазылған. 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да өтетін екінші …

толық оқу»

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалында, «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» кездеседі. Ертеректе, кубалық Juventud Rebelde басылымы, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалындағы, «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы кездесу, 30-шы қараша күні Қытайда …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНІҢ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Садриддин Ахмедовтың (3-0, 3 КО) келесі жекпе-жектерінің уақыттары белгілі болды. Үш отандасымыздың да жекпе-жектері Канада да өтеді. Батыр Жүкембаев шаршы алаңға 6-шы қазан күні Квебекте оралады, ал Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедов 13-ші қазан күні Монреалда жекпе-жектерін …

толық оқу»

БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС КЕҢЕСІНІҢ WBC ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтың жаңартылған рейтінгін жарияланды. Иса Ақбербаев, бірінші ауыр салмақта рейтінгісінде 34-ші орыннан 33-ші орынға көтерілді. Ал, жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіріп жүрген Әли Ахмедов 21-ші орында тұрақтап тұр. Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта 27-ші орынын сақтап қалды. Жеңілірек салмақтың боксшысы Жанат Жақиянов, боксшы мансабын …

толық оқу»

ӘЛИ АХМЕДОВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін Әли Ахмедов (11-0, 8КО), кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыз Голливудта (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан «Авалон» аренасында өткен «Hollywood Fight Nights 2» бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтерілді. Әлидің қарсыласы жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскаланте (9-1-1, 6 КО) болды. Алты раундқа …

толық оқу»

WBA NABA БЕЛБЕУІНІҢ ИЕГЕРІ МҰСА ТҰРСЫНҒАЛИЕВ ШАРШЫ АЛАҢҒА ОРАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты мен жерін хабарлады. Мұса Тұрсынғалиев (7-0, 6 КО) Instagram-дағы парақшасында, «Жекпе-жекке дайындалу 28-ші қыркүйек Seminole Hard Rick hotel & Casino-да өтеді. Тікелей эфир және басқада жекпе-жек туралы ақпараттар жақында айтылады» — деп жазып, жаттығуының бейнажазбасын салды. Мұса наурыз айында кәсіпқой бокстағы жетінші …

толық оқу»