Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ТАРИХ СӨЙЛЕЙТІН ОЙЫН: «ЧЕЛСИ-БАРСЕЛОНА»

ТАРИХ СӨЙЛЕЙТІН ОЙЫН: «ЧЕЛСИ-БАРСЕЛОНА»

Футбол матчтары біз білетін тек 90 минут немесе ойын схемасы мен тактикасы ғана емес, футбол ойындары жылдар бойы келе жатқан бәсекелстік, жылдар өте пайда болатын қарсыластық және тарих бетінде қалатын із.

Сондай ойындардың бірі «Челси-Барселона». 1999/2000 жылғы футбол маусымынан бастау алатын бұл екі команда қақтығысы осы күнге дейін жалғасып келе жатыр. Жылдар бойы құралған ойынның тарихы үлкен. Алысқа бармай-ақ  2009 жылдан бастап қарағанның өзінде бұл екі команда ойыны жәй матчтан, «классико» секілді маңызы бар матчқа айналды.

Картинки по запросу челси барселона

2009 жыл жартылай финал. Чемпиондар Лигасының бірінші кездесуі Камп Ноуда өтті. Ойын қауіпті сәттердің көп болуына қарамастан,) 0:0) есебімен аяқталды.  Стэмфорд Бриджде өтетін қарымта кездесу өте әсерлі болатынын футбол сүйер қауым білді және қателеспеді. Өте қызу ойын, Майкл Эссьеннің керемет голы, «Челсидің» «Барселона» қақпасына қысымы және төрешілердің таң қалдырар қателігі )көздерін шел басуы(, «Барса» қақпасына қойылмаған пенальтилер. Қортынды, соңғы минуттардағы Иньестаның голы. «Барселона» Чемпиондар Лигасының келесі кезеңінде. Футбол аңызы Иньестаның өз айтуы бойынша да «Челси» қақпасына соққан голы, футбол мансабындағы ең маңызды сәті деп есептейді. Бұл ойын УЕФА дауға қалып, футбол әлемі ортасынан қақ айырылып екіге бөлінген күн еді. Жылдар өтіп, 2012 жылы баяғы бақталастар қайта жолықты.

Картинки по запросу челси барселона

2012 жыл… «Үйренген жау атыспаққа жақсы» деп екі команда Чемпиондар Лигасының тағы да жартылай финалында кездесті. 3 жыл бұрынғы өкпе-наз ұмытылмады. Және бірнеше жылдар бұрынғы «Челси» командасына жанкүйер болғандар, осы жолы шын мықты төрешілердің көмегінсіз анықталғанын қалады. Өйткені, біз білетініміздей алдыңғы кездесулерде төрешілер тарапынан көп қателіктер кеткен болатын. 2012 жылдың бірінші кездесуі Лондонда өтіп, «көктер» қонақтарды )1:0) есебімен жеңді. Ал,Кам Ноуда бәрі аяқ астынан өзгерді. Джон Терридің қызыл қағазы, «Барселона» жігіттерінің жауапсыз 2 голы Пеп Гвариола командасына Чемпиондар Лигасының кезекті финалына өтуді қамтамасыз етіп тұрды. Бірақ, Фрэнк Лэмпард бірінші тайм аяқталғанға дейін, Рамиреске керемет пас шығарып, «Челсиге» үміт отын жақты. «Барселона» іске кірісуді жөн көрді. Көптеген қауіпті сәттер, керемет шабуылдар испаниялық клуб тарапынан үдей түсті. Бірақ, «ағылшындық автобус» өз кезегінде керемет қорғаныс шебіндегі ойынмен жойқын шабуылдарды қайтарып отырды. Месси бастаған жігіттер «Челси» қақпасынан саңылау таба алмады. Ойынның қосалқы таймында, қорғаныста жатып шаршаған Торрес «Барселона» қақпасына қарымта шабуыл жасап, Вальдесті алдап өтіп, «Челсиге» финалдық жолдама сыйлады. Және сол жылы «Челси» өз тарихында бірінші рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып, ай құлақты кубокті Англияға алып кетті. Осындай бай тарихы бар ойын әрине қызықсыз өтуі мүмкін емес. Жылдар бойы жиналған тәжірбие мен бәсекелстік ойын деңгейін көтеріп тұрғаныдығы да белігілі.

Похожее изображение

Бүгінгі ойынға келетін болсақ, бірінші матч Англияда өтетін болады. Бәрімізге мәлім, қазіргі «Челси» жағдайы мәз емес. Команда құлдырау кезеңінде жүр, бірақ соңғы ойындарда сол мәселелерді шешкендей көрінеді. Барселонаға келетін болсақ, барлығы керемет деп айтуға да келмейді. Ойын барысында сыр беретін жерлердің барлығының мәселесі шешіле қоймады. Вальерде командасыныңда әлсіз жерлері бар. Барлығы ойыншылардың физикалық формасына қарайтын болады. Одан басқа, Вальерде қол астында ойын барысын өзгертер ойыншылар жоқ. Қосалқы құрам деген нәрсе «Барселонада» мүлдем кездеспейді. Егер, негізгі құрам ойыншыларына бір жағдай болатын болса, Вальерде оны сол деңгейді футболшымен алмастыра алмайды. Яғни, испаниялық бапкердің қолы қысқа. Негізгі құрамының жігіттеріне және Мессидің сиқырына сенуге тура келеді. Ал, Конте де әр позицияда кем дегенде 2 ойыншыдан бар. Бұл дегеніміз, «Челсидің де» жеңіске үміттенуіне құқығы бар екендігін дәлелдейді. Барселона фаворит саналады. Бірақ, «Челсиде» құр қол емес. Бұл ойын, «Реал-ПСЖ» ойыны секілді бізге мына нәрсені дәлелдейді. Ішкі чемпионатта қаншалықты мықты болсаң да, Чемпиондар Лигасында бұл нәрсе ештеңе шешпейді. Өйткені, испания чемпионатында 4 орында келе жатқан «Реал», болашақ Франция чемпиондары «ПСЖ-ны» тас-талқан қылды. Менің беретін бағам бойынша келесі кезеңге «Барселона» 51% , «Челси» 49%  өтеді. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар достар?

Картинки по запросу челси барселона

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий