Басты бет / Әлем / 99 ЖАСТАҒЫ ЖҮЗГІШ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

99 ЖАСТАҒЫ ЖҮЗГІШ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

99 жастағы аустралиялық жүзгіш 50 метрлік фристайлда әлем рекордын орнатты, — деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.

Куинсланда (Queensland) арнайы ұйымдастырылған жарысты Джордж Коронес (George Corones) 100-104 жас категориясында 56,12 секундта аяқтады. Ол 2014 жылғы рекордтан 35 секундқа озды.

Сәуірде 100-ге толатындықтан, ол осы категорияда жарысып рекорд орнатқанына «өте қуанышты» екенін айтты. Сонымен қатар ол аптасына 3 рет жүзуге барып қана қоймай, спортзалда жаттығып тұрады.

«Бұл жаста физикалық қалпыңды жоғалтып алмау үшін көп уақыт пен еңбек қажет. Бірақ соған уақытыңызды да, күшіңізді де аямасаңыз, кейіннен алатын марапатыңыз да күшті болады», — дейді Джордж.

2014 жылғы рекордты ұлыбританиялық Джон Харрисон (John Harrison) орнатқан болатын.

“The Qazaq Times”

Сондай-ақ

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН МЕДЕУ «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫМЕН» АТАП ӨТЕДІ

Наурыздың 8-і күні Халықаралық әйелдер мерекесін Медеу «Спорттық Алматы» бағдарламасымен атап өтеді, деп ақпараттық және …