Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ТЕННИСТЕН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҮНДІСТАНДЫ ОҢАЙ ҰТТЫҚ

ТЕННИСТЕН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҮНДІСТАНДЫ ОҢАЙ ҰТТЫҚ

Нью-Дели қаласында Федерация кубогы үшін өтіп жатқан теннис жарысында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бірінші кездесуде Зарина Дияс қарсыласын ұтқанымен, екінші ойында Юлия Путинцева жеңіліп қалған болатын. Сондықтан шешуші, үшінші бәсекеге З.Дияс пен Ю.Путинцеваның шығуына тура келді. Олар жұптық сында үндістандықтар Анкита Райна мен Пратхана Тхомбаремен шеберлік байқасты.

Қазақстандықтар бірінші партияны 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Екінші партия да 6:4 есебімен қазақстандық жұптың жеңісімен аяқталды. Бұл матч небәрі 1 сағат 3 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандықтар Үндістан құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында қазақстандықтар Гонконг елінің өкілдерін 3:0 есебімен жеңген болатын. Бүгін Қазақстан осы А тобында Қытай құрамасымен бірінші орын үшін таласады. Қытайлықтардың да еншісінде екі жеңіс бар. Бұл топта жеңімпаз атанған құрама В тобында үздік шыққан командамен ІІ Әлемдік лиганың плей-офф кезеңіне берілетін жолдаманы сарапқа салады.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …

Добавить комментарий