Басты бет / Басқа түрлер / Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫН 2018 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасын Индонезияда өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын Алматыда өткізген спорттық гимнастика, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, еркін күрес, спорттық құзға өрмелеу, су добы және волейбол командалары қатысты. «Құрама командалар Азиадаға дайындалу үшін ҰОК …

толық оқу»

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері Григоргий Егоров Джакартада ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің толық тізімін бекітті. Құрама сапына 33 атлет (15 ер, 18 әйел) еніп отыр. Олардың 28-інің шығынын Ұлттық Олимпиада комитеті көтерсе, қалған бесеуін аймақтық басқармалар қаржыландырмақ. Сонымен жеңіл атлетикадан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының толық тізімі: Ерлер …

толық оқу»

ҚЫЗЫЛОРАДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРІСІ

16 маусым күні Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметші күніне орай «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгірісі өтеді. Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына  Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету. Қайырымдылық …

толық оқу»

ФРАНЦИЯ: НИКИТА ФИЛИППОВ СЫРЫҚПЕН СЕКІРУДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жеңіл атлет Никита Филиппов Францияның Монбельяр қаласында өткен халықаралық турнирде сырықпен секіруден екінші орын алды, — деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Бұл қазақстандық жеңіл атлеттің соңғы 15 күн ішіндегі халықаралық арендағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін 19 мамырда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 5.50 метрмен чемпион атанған. Филиппов үшін …

толық оқу»

ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА ГРЕКИЯДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі Виктория Зябкина халықаралық аренадағы жорығын әлі жалғастырып жатыр. Бұл жолы жерлесіміз Грекияда өткен сайысқа қатысты, — деп хабарлайды kazathletics.kz Ежелгі Эллада елінде 200 метрге жүірген Зябкина екінші орын алды. Бұл жарыстың аты Chania Invitational деп аталады. 25 жастағы желаяқ биылғы жылы Altay athletics клубының мүшелігіне өткен …

толық оқу»

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Иран астанасы Тегеран қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында әйелдер арасында 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Әйгерім Шыназбекова жеңіске жеткен болатын. Бір айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан қазақ қыздары арасында бұрын-сонды ешкім құрлықта чемпион атанбаған. Жарыстан кейін Әйгерімді әңгімеге тарттық. – Өте қуаныштымын. Тезірек жүгіруге тырыстым. Бүгінгі көрсеткен нәтижем – 8.32 …

толық оқу»

ЖАБЫҚ КЕШЕНДЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақтан жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. 1 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада тек қыздар өнер көрсетті. 3000 метрге жүгіруден қостанайлық Татьяна Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Ол 3 шақырымды 9 минут …

толық оқу»

ОЛЬГА РЫПАКОВА «ГАУҺАР ЛИГАНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласындағы «Летцигрунд» стадионында өткен 2017 жылғы «Гауһар лиганың» бірінші финалдық кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова чемпион атанды, — деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы. Цюрихтегі финалдық кезеңде  Ольга Рыпаковадан бөлек, жақында ғана Лондонда әлем чемпионы атанған Юлимар Рохас (Венесуэла), Рио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), 2014 …

толық оқу»

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ НАШАР

Жеңіл атлетикадан ХVІ әлем чемпионаты аяқталды. 10 күн бойы төрткіл дүние үздіктерімен Қазақстан спортшылары да сынға түсті. Лондондағы әлем чемпионаты аяқталған бетте Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Григорий Егоровты тілге тартып, бүкіләлемдік біріншілікті қысқаша қорытындылап, біздің спортшылардың нәтижелеріне баға беруін өтінген едік. – Біз әлем чемпионатында спортшыларымыздың әлеуетін, өзімізді деңгейімізді бағамдап …

толық оқу»

ЭСТАФЕТАШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЕКІНШІ СЕГІЗДІКТЕ ЖҮГІРЕДІ

ХVІ әлем чемпионатының 4х100 эстафетасын да бәйгеге түсетін қыздарымыз іріктеу сынында екінші сегіздікте жүгіретін болды. Әйелдер арасындағы 4х100 эстафетасының іріктеу жарыстары Лондон уақытымен 10:35-те (Астана уақытымен – 15:35-те) басталады. Бұл – бірінші сегіздіңктің жүгіретін уақыты. Екінші сегіздік сөреден 10:44-те (15:44-те) шығады. Біздің қыздар – осы топта. Финалға әр сегіздіктен алғашқы …

толық оқу»