Басты бет / Бокс / ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегінде өзінің қарсыласын анықтады. 

Данияр Елеусіновке қарсылас болып америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) белгіленді. Кидд екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші айқасын тең аяқтаған.

Елеусінов — Кидд арасындағы айқас алты раундқа есептелген. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.

Еске сала кетейік, таяуда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Қазақстан Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов өз мансабы мен титул үшін айқасты дамытуды жоспарлауда екендігін айтқан болатын.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий