Басты бет / Қысқы спорт / ДМИТРИЙ РЕЙХЕРД ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ДМИТРИЙ РЕЙХЕРД ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді.

Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Ал жеңіс қайта жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды — 21:14.

Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп қалды (16:19).

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберіп қойды — 15:20.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын.

Сондай-ақ

БАЙСУФИНОВ: «АЛДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ШЕТЕЛДЕ ОЙНАЙТЫН БЕС ФУТБОЛШЫ ШАҚЫРТУ АЛМАҚ»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен …

Добавить комментарий