Басты бет / Қысқы спорт

Қысқы спорт

ХОККЕЙШІЛЕР ИТАЛИЯЛЫҚТАРДАН БАСЫМ ТҮСТІ

22-28 сәуір аралығында Венгрия астанасы Будапештте хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Қазақстан құрамасы 1-ші дивизионның «А» тобында бақ сынайды. Осы бір айтулы жарыс алдында Қазақстан хоккей құрамасы Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Италияның Энье қаласында өткен ойын 4:2 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді. Біздің құрамадан  Дмитрий Гренц пен Никита Михайлис …

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХЕРД ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді. Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Ал жеңіс қайта жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды — 21:14. Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан …

толық оқу»

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты. Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар …

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады. Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды. Отандасымыз канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады. Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ЖАРЫСТАН КЕЙІН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанға «қола» жүлде алып келген фристайлшы Юлия Галышева ҚазАқпарат тілшісімен жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті. — Жүлделі болуыңызбен құттықтаймыз! — Рахмет! Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма рахмет! Алғыс айтқым келеді. Осында жүрген сіздерге де разымын. Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаліміз баршамызға құтты болсын! — Жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба? …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛШЕВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Фристайлдың могул түрінен Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарындағы жүлдесін алды. Корея елінде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында отандасымыз Юлия Галышева үшінші орыннан көрінді. Юлия бірінші финалда 75,10 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Екінші финалда 76,81 ұпаймен алтыншы орын алды. Ақтық үшінші финалда 77,40 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап, Қазақстанның Корея Олимпиадасындағы алғашқы …

толық оқу»

ВИШНЕВСКАЯ СПРИНТТЕ 30-ШЫ ОРЫНДА

Олимпиада ойындары аясында биатлон жарыстары басталды. Бүгін әйелдер спринтте бақ сынады. Пхенчханда ауа-райының қолайсыз болғанын айта кету керек. Екі ату айлағында да мергендік танытқан Германиялық Лаура Дальмаер чемпион атанды. Бір-бірден қателік жіберген Норвегиялық Марте Олсбю мен Чехиялық Вероника Виткова сәйкесінше күміс пен қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық арасындағы үздік нәтиже …

толық оқу»

АНАСТАСИЯ КРЕСТОВА ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Пхёнчханда қысқы Олимпиада ойындары өтуде. Бүгін шорт-трекші қыздар 500 метрде сынға түсуде. Отандасымыз Анастасия Корестова өз тобында соңғы орын алды. Қытайлық Фан Ке Сын мен Америкалық Мааме Байни келесі кезеңге өтті. Бұдан бұрын ерлеріміз 1500 метрдің іріктеуінен әрі аса алмаған болатын. Айта кету керек, дәл осы 500 метрдің жартылай финалдары …

толық оқу»

1500 МЕТРДЕ ШОРТ-ТРЕКШІЛЕРДІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

Шорт-тректен Олимпиада ойындарындағы алғашқы жарыс күні басталды. Бүгін спортшылар 1500 метрде бақ сынауда. Қазір ғана іріктеу сайыстары өтті. Өкінішке орай Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев келесі кезеңге өте алмады. Команда көшбасшысы Нұрберген тепе-теңдік сақтай алмай, құлап қалды. Денис болса өз тобында бар болғаны төртінші келді.

толық оқу»

АННА ШЕВЧЕНКО СКИАТЛОНДА 36-ШЫ

Олимпиада ойындарындағы алғашқы медальдарды шаңғышылар сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы скиатлон сайысында Швециялық Шарлотта Калла жеңіске жетті. Екінші орында Норвегиялық Марит Бьорген. Үздік үштікті Финляндиялық Криста Пярмякоски қорытындылап тұр. Қазақстандық Анна Шевченко 36-шы, Елена Коломина 54-ші орындардан көрінді. Жалпы сайысқа 62 спортшы қатысты. Өкіншке орай Валерия Туленева мәре сызығына жете алмады.

толық оқу»