Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЗИДАН ЕРТЕГІСІ ҚАЙТАЛАНАДЫ МА?

ЗИДАН ЕРТЕГІСІ ҚАЙТАЛАНАДЫ МА?

Қарашаның 28 жұлдызында, болашағынан зор үміт күттірген бапкер Винченцо Монтелла «Миланның бас бапкері» атағынан айырылды. Клуб басшылығын сендіре алмаған бапкер, жазғы трансферлік терезеде 200 млн еуроға ойыншылар сатып алып, Италия чемпионатында көңіл көншітер көрсеткіштер көрсете алмады. Бапкерсіз қалған «Милан» қысқа уақыт ішінде Монтелланы алмастыратын білікті бапкер іздеді. Алыстан арбалап уысына ештеңе түсіре алмаған клуб басшылығы жақыннан дорбалауға көшті. Былайша айтқанда, сол кездегі «Милан жастарының» бас бапкері, клуб аңызы, футбол тарихында өшпес із қалдырған «Дженарро Гаттузоны» бас бапкер қылғысы келді. Команда аңызы Гаттузо ұсыныстан бас тарта алмады. Сөйтіп, 29 қараша күні Дженарро Гаттузо «Миланның» бас бапкері атанды.

Картинки по запросу гаттузо тренер

Кезінде «Реал Мадридке» бас бапкер боп тағайындалған клуб аңызы Зидан, мадридтік клубты жеңіс тұғырына шығарған секілді, Дженнарода сол ерлікті қайталайды деп сенді. Ертегі қайталанарына тек клуб басшылығы ғана емес, команда жанкүйерлері де сенді. Бірақ, бұдан бұрын италиялық клуб дәл сондай тәжірбие жасаған. Қазіргі, «Депортиво» бапкері, бұрынғы «Милан ойыншысы», аңызы Зеедорф командаға бас бапкер боп тағайындалған. Бірақ, тәжірбие соңы сәтсіз аяқталды. Көп үміт күткен Кларенс маусым соңында ештеңеге қол жеткізбей, командадан кеткен болатын.

Похожее изображение

Клубқа келісімен Гаттузо, Монтелланың 3-4-3 ойын тактикасын, стандартты 4-3-3 стильіне көшірді. Команда ішіндегі атмосфераны жөндеп, жұдырықтай жұмылған ұжым шығара бастады. Бірақ, ертегінің басы италияндық бапкер үшін тәтті әрі сәтті бастала қоймады. Желтоқсанның 3-і күні, Италия чемпионатының 15 турында «Беневентоға» жолыққан «Гаттузоның Миланы» «Серие А» тарихындағы ең нашар командамен (2:2) есебімен тең түсті. 90 минутта қарсылас командасының қақпашысы соққан голдан кезден кейін, Гаттузо «Миланның» амалсыздығынан қойылған бапкер деп сынап, мазақ қылды. Бірақ, мінезі болаттай Дженнаро бұған мойымай, жігерін құм қылмады. Атмосфера, тактикадан бөлек, Гаттузо жігіттерге сенім бере білді. Көздеріне от жанған Гаттузо «Миланы» біртіндеп жақсы ойын көрсете бастады.

Жақсы басталмаған ертегі, жақсы жалғасты. Жаңа жылдан аман өткен команда жаңаша ойын көрсетіп, біртіндеп жақсарды. Бұған дәлел, кеше «Серие А-ның» 25 туры аясында өткен «Милан-Cампдория» ойынында қожайындар (1:0) есебімен жеңіске жетті. Бұған қосаа, Гаттузоның «Миланы» жаңа жылдан бері жеңіліс таппады. Ішкі чемпионатта еурокубоктік орындарға жақындап келеді. Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өтіп тұр. Және ойын мәнері де өзгерген. Гаттузо да Милан да қайта жарқырайды деп сенеміз. Осы футбол маусымы Гаттузоның шын мәнінде кім екенін анықтайтын болады. Дженарро Зидан секілді «Милан» тарихына жаңа беттер қоса ма екен? Әлде, бұл клуб басшылығының кезекті қателігі болады ма?

Похожее изображение

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …

Добавить комментарий