Басты бет / Қысқы спорт / ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады.

Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды. Отандасымыз канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады.

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс франциялық Перин Ляфонтқа бұйырды.

Фото FIS Freestyle Skiing.
Фристайл, могул, Әлем кубогының кезеңі, Тадзавако, Жапония

Ерлер

1. Икума Хорисима (Жапония) — 91.03
2. Майкл Кингсберри (Канада) — 89.27
3. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) — 87.26

… 26. Павел Колмаков (Қазақстан) — 73.26

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий