Басты бет / Велоспорт / ДУБАЙ ТУРЫ. 4 КЕЗЕҢ. МАГНУС КОРТ ЕКІНШІ КЕЛДІ

ДУБАЙ ТУРЫ. 4 КЕЗЕҢ. МАГНУС КОРТ ЕКІНШІ КЕЛДІ

 

«Дубай туры» көпкүндігі аясында төртінші кезең аса қиын таулы аймақ Хатта Дамда өтті. Жарыс жолы 172 км-ді құрады. «Астана» велокомандасының мүшесі Магнус Корт бұл шыңды екінші болып бағындырды.

Төртінші кезең қиындығы жағынан да, мәре сызығындағы тартыс жағынан да аса қызықты өтті. Алғашқыда 6 адамнан құралған топ қалың топтан ұзап кеткен болатын. Бірақ мәреге сызығына 12 км қалғанда америкалық Брендон МакНалти барлығынан озып, алға суырылып шықты. Хатта Дам шыңына 1 км қалғанда Амеркалықтың қалың топтан аралығы 40 секундты құрады.  Дегенмен мәреге небәрі 200 метр топ қалғанда қуғыншы топ Брендонды қуып жетті.

Нәтижесінде Италиялық Сонни Колбрелли бірінші, «Астана» велокомандасының мүшесі Магнус Корт екінші, Голландиялық Тимо Роосен үшінші орындардан көрінді. Магнус Корт жалпы есепте екінші орынға тұрақтап қана қоймай, жастар арасында көш бастады.

Төртінші кезеңде «Астана» командасы керемет нәтижеге қол жеткізді. Командадағы велошабандоздар Жандос Бижігітов, Даниил Фомыних және Руслан Тлеубаев команда көшбасшысының жүлделі орыннан көрінуіне барлық жағдайды жасады.

Ертең  СкайДайв Дубай мен Сити Уолк аралығында құрайтын 129 км-лік бесінші кезең өтеді.

 

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий