Басты бет / Велоспорт / АЛЬП ТУРЫ. 1-КЕЗЕҢ. ПЕЛЬО БИЛЬБАО ЖЕКЕ ШАБУЫЛДАП, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

АЛЬП ТУРЫ. 1-КЕЗЕҢ. ПЕЛЬО БИЛЬБАО ЖЕКЕ ШАБУЫЛДАП, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

«Альп туры» велододасының соңғы үш шақырымында батыл шабуыл жасаған Пельо Бильбао алғашқы кезеңнің жеңімпазы атанды. Жарыс күнінің соңғы асуы Серрадаға жақындағанда қазақстандық команданың шабандозы көшбасшылар тобына қосылды. Төменге құлдилап, финишке жол тартқандардың арасынан алғаш болып Мигель Анхель Лопес шабуыл жасады. Артынша іске Бильбаоның өзі де кірісті. Фолгария қаласындағы финишке дейін ол өз басымдылығын жібере қоймады.

— Біз бүгін жоғарғы нәтиже крсетеміз деп білек сыбанып шықтық. Бес шабандозымыз көшбасшылар тобында жүрді. Соңғы асуға шығар езде біршама қиындытар болды. Алға озып кеткендер өз уақыттарын жоғалтқысы келмеді. Кейінірек біз оларды қуып жетіп, бір топқа үйлестік. Төменге қарай құлдилаған кезде кішкене бір мүмкіндік бар екенін байқадым. Шабуылға шықтым да, сол тәуекелімнің арқасында бірнеше секундтық басымдылық алдым. Алайда, ол кезде мен соңына дейін шыдас беремін деген ойда емес едім. Өз өзіме сенімді болмауымның себебі – соңғы 500 метрде кішігірім дөңес бар тұғын. Бірақ, төмен құлдилап бара жатқанда қайта күш жинап, тынығып алғандай болдым. Одан кейін 100 пайыз ақтарылып, күшімді аянбадым. Мен бүгін жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Себебі, мен бұл жеңісті көп күттім. Сонымен қатар, бүкіл команданың көрсеткен өнеріне де дән ризамын, — деді Пельо Бильбао.

Фото Astana Pro Team.

«Альп Турының» бірінші кезеңі Арко қалашығынан басталып 134,6 шақырымнан кейін Фолгарияда мәреге жетті. Жарыс жолында 2 қиын белес болды. Жарыс бастала салысымен 9 шабандоз жүйткіп алға шықты. Дегенмен, пелетон оларды үнемі бақылауда ұстап алсқа ұзатпады.

Пелетондағы жағдай Серрада асуына келгенде түрлене түсті. «Астананың» бес бірдей шабандозы мықтылар тобындағы орындарын сақтап қалды. Түрлі шабуылдар орын алғанымен олардың ешқайсысы басымдылық ала алмады, тек Бильбао жұлқып шыққанда өзгелер жауап қата алмады. «Астана» шабандозының бұл шабуылы расымен де сәтті болды. Себебі, ол алғашқы кезеңнің жеңімпазы атанып қана қоймай, басты есептегі көшбасшы жейдесін де киді.

Фото Astana Pro Team.

— Тура бір жыл бұрын Микеле Скарпони алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, лидер жейдесін киіп еді. Ол әрқашан да біздің миымыздың бір бұрышында болады. Біз әр жарысқа шыққан сайын оны еске алып жүреміз. Мен бүгінгі жеңісімді Микелеге арнағым келеді. Бұл тек жалғыз менің ғана емес сонымен бірге күллі команданың тілегі, — деді Пельо Бильбао.

«Астана» шынымен де шабытты өнер көрсетті. Бес шабандозын лидерлер тобына қосып жіберуі ұжымдық еңбектің арқасы еді. Луис Леон Санчестің өзі екінші орын алды. Ол әріптесінен кейін 6 секундтан соң мәреге келді. Ал үшінші орын Иван Рамиро Соусаға бұйырды.

Бірінші кезеңнен кейін Пельо Бильбао басты есепте Санчестен 10 секунд, Соусадан 12 секундқа озып тұр.

«Альп Турының» екінші кезеңі ертең өтеді: Лаваронеден басталып 145,5 шақрымнан соң Альпе ди Пампьяго – Фиеммеде аяқталады.

Дереккөз: astanaproteam.kz

Фото Astana Pro Team.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий