Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР УКРАИНАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ (ФОТО)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР УКРАИНАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстандық боксшылар Украинаның Херсон қаласында өткен Николай Мангер Мемориалында жақсы нәтиже көрсетті.

Аталмыш жарыс сәуірдің 10-ы мен 14-і аралығында өтті. Біздің боксшылар жалпы саны жеті медальға қол жеткізді: үш алтын, екі күміс және екі қола.

Чемпион атағына ие болғандар: Жандос Несіпжан (49 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі) және Қуан Қуатов (64 келі). Күміс жүлде Азат Махметов (52 келі) пен Нұрболат Сермахановтың (+91 келі) еншісінде. Қола медальді Қанағат Маралов (69 келі) пен Ерік Әлжанов (75 келі) иеленді.

Қуан Қуатов «ең үздік техникалы» боксшы атанды. Ал Маңғыстаулық төреші Руслан Бибуев болса жарыстың «ең үздік төрешісі» болып танылды.

 

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …