Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ТОБЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ТОБЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Федерация кубогы үшін Қазақстан мен Қытайдың екінші кездесуінде Юлия Путинцева мен Яфань Ван күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте қазақстандық теннисші 81-інші орында тұрса, қытайлық спортшы 125-інші сатыда келеді. Тартысты өрбіген матчта бірінші партияны Ю.Путинцева 6:4 есебімен ұтты. Екінші партияда Я.Ван дәл осындай есеппен есе қайырды. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші бірден екі брейк жасап, 4:0 есебімен алға шықты.

Есеп 5:0-ге жеткеннен кейін ғана Я.Ван өз геймін алды. Бұдан кейін өзі доп бергенде сәтті ойнаған Путинцева 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қызу өткен бәсеке 2 сағат 29 минутқа созылды.

Фото Fed Cup by BNP Paribas.

Зарина әлемдік рейтингте 55-інші, ал қытайлық теннисші 412-інші сатыда тұрғанына қарамастан, екеуі де өз елдерінің намысы үшін барын салды. Бірінші партияда қазақстандық спортшы 7:5 есебімен басым түсті. 1 сағат 17 минутқа созылған матчтың екінші партиясын да Зарина 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, жұптық ойынның нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы А тобында жеңімпаз атанды. Енді олар В тобында үздік шыққан Жапония құрамасымен ІІ Әлемдік лиганың плей-офф кезеңіне берілетін жолдаманы сарапқа салады. Жапондықтар сапында әлемнің 90-ыншы және 130-ыншы ракеткалары Нао Хибино, Мию Като сынды ойыншылар бар.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар бұдан бұрын өз тобында Гонконг теннисшілерін 3:0, үндістандықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

 

 

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …

Добавить комментарий