Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЕРКІН ДӘРМЕТОВ Berkut Young Eagles Grand Prix ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЕРКІН ДӘРМЕТОВ Berkut Young Eagles Grand Prix ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles турнирінде қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еркін Шешенстанның Грозный қаласында өткен Berkut Young Eagles  Grand Prix турнирінің 1/8 финалында жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасты. 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Ахмед Магомадовты (2-2) 30 секундта нокаутқа жіберіп, келесі кезеңге жолдама алды. Енді Еркін 1/4 финалда Казим Туменовқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде әр салмақта 16 спортшыдан қатысып жатыр. Бұл додада жеңіске жеткен спортшы АСВ тұжырымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …