Шаңғы

«ТУР ДЕ СКИ» — ПОЛТОРАНИН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Швейцарияның  Ленцерхайде қаласында шаңғы спортынан атақты «Тур де Ски» көпкүндігі өтуде. 15 км-лік классикалық жарыста отандасымыз Алексей Полторанин күміс жүлдегер атанды. Алексей өзінің мәреге жақындай бергендегі спринттік жылдамдығы арқылы қарсыластарының барлығын озып кетті. Жарыс барысында күшін орынды қолдана білген «классикалық әдістің шебері» екінші орыннан көріне алды. Бірінші орынды Швейцариялық Дарио …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Еліміздегі  табиғаты ең әдемі жерлердің бірі болып табылатын Алматы облысындағы Солдат шатқалында шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының 4-ші Спартакиадасы жалауын көтерді. Алғашқы сайыстар ерлер мен әйелдер арасындағы командалық «эстафета» болды. Әйелдер арасындағы  4 х 5 км-лік еркін және классикалық әдістер бойынша эстафетада Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан …

толық оқу»

ЕВГЕНИЙ ВЕЛИЧКО ИТАЛИЯДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений Величко Италияның Санта-Катерина қаласында өткен шаңғы жарысында қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды  ҚР Шаңғы  федерациясы. Халықаралық шаңғы федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында 15 км қашықтықта еркін әдіс жарысы ұйымдастырылды. Оған Италия, Франция, Германия, Ресей, тағы басқа да елдерден 95 спортшы қатысты. …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде ересектер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Қазақстан чемпионаты өтті. Алматы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстаннан келген қырыққа жуық спортшысы жарыс жолына шықты. Айта кетсек, бұл додаға ұлдар да, қыздар да қатысты. Олар шаңғымен тұғырдан секіруден (К-95) және шаңғы қоссайысынан (К-125 гундерсон 10 км.) өзара мықтыны анықтады. …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам спортшы үстіміздегі жылдың 25-нен 30-шы қыркүйегі аралығында Алматы маңындағы «Алатау» заманауи шаңғы-биатлон кешенінің базасында өтетін, шаңғы жарысы бойынша жыл сайынғы дәстүрлі Жазғы чемпионатқа қатысады. Биылғы айтулы оқиғаның хедлайнері, Шаңғы жарысы бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері болмақ. Қазір қазақстандық спортшылар алдағы 2018 жылдың Қысқы Олимпиада Ойындарына …

толық оқу»

ПАЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҢҒЫДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысып, күш сынасты. 10-15 тамыз аралығында Павлодарда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа …

толық оқу»

ПАВЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҢҒЫДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

ПАВЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ 10 тамызда Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысады деп күтілуде. Алдымыздағы бейсенбі күні Павлодарда …

толық оқу»

ЕЛОРДАДА ШАҢҒЫ РОЛЛЕРІНЕН АСТАНА АШЫҚ КУБОГЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

5 тамызда Қалалық шаңғы роллері тас жолында (Орталық саябақ) шаңғы роллерінен жарыстар өз мәресіне жетті. Оған Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшылары, шаңғы жарысынан Қазақстан Ұлттық құрама мүшелері, жас және ардагер шаңғышылар қатысты. Дәстүрлі түрде өткізілетін шаңғы роллерінен Астана ашық кубогы шаңғы спортын дәріптеуді, жастардың шаңғы жарысымен айналысуын …

толық оқу»

ЕЛОРДАДА ШАҢҒЫ РОЛЛЕРІНЕН АСТАНА АШЫҚ КУБОГЫ ӨТЕДІ

5 тамызда елордада Қалалық шаңғы роллері жолында (Орталық саябақта) шаңғы роллерінен жарыстар өтеді. Оған Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшыларымен қатар жас және ардагер шаңғышылар қатысады. Астанада кезекті рет салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық сайыстар өткізілуде. Шаңғы роллерінен Астанакубогы шаңғы спортын дәріптеуді, жастардың шаңғы жарысымен айналысуын көздеп, …

толық оқу»

ЖАС ШАҢҒЫШЫЛАР ТАЛҒАРДАҒЫ СПОРТ ЛАГЕРІНЕ КЕЛІП ЖЕТТІ

10 шілдеде шаңғы жарысымен шұғылданатын 60-тан астам бала «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі жазғы спорттық-сауықтыру лагеріне келіп жетті. Балалар еліміздің атақты шаңғышыларының шеберлік сабағына қатысып, спорттық дағдыларын жетілдірмек.  11 шілдеде 12-16 жас шамасындағы 60 жас спортшы мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан келген 8 жаттықтырушыға …

толық оқу»