Басты бет / Қысқы спорт / АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты.

Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар айында Словенияның Планице қаласында өткен кезеңде де чемпион атанған болатын.

Сондай-ақ

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ

Франция астанасы Париж қаласында джиу-джитсу спортынан «Grand Slam Paris Open» (JJIF) xалықаралық турнирі өтуде. Дүбірлі …