Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар жалпы есепте бірінші орын алды, — деп хабарлайды dodasport сайты.

27 мемлекет қатысқан додада Қазақстан 15 қашықтықта да жеңіске жетіп, бірінші орыннан көрінді. Екінші орында жарыс қожайындары Қытайлықтар, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншілесе, екінші күні 8 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.

Байдарка: Сұлтанбеков Дәулет, Голендов Илья, Ергучев Андрей, Емельянов Александр, Токарницкий Сергей, Алексеев Евгений, Дергунов Алексей.

Каноэ: Медетов Мерей, Хайдаров Тимур, Петров Владимир, Емельянов Михаил, Емельянов Тимофей, Емельянов Сергей.
Қыздар: Сергеева Наталья, Подойникова Ирина, Ананченко Зоя, Подставочкина Екетерина.

 

Сондай-ақ

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады, – …

Добавить комментарий