Басты бет / Бокс / АТЫРАУДА БАТЫР БАБАЛАР АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

АТЫРАУДА БАТЫР БАБАЛАР АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

26-30 сәуір аралығында Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің спорттық мәдени кешенінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының  рухына  арналған бокстан  ересектер арасындағы  X-шы Халықаралық турнир өтеді, — деп хабарлайды Атырау облысы бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Дәстүрлі турнирге Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері келеді деп күтілуде. Аталмыш турнир «А» санатындағы, AIBA (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) күнтізбесіне енген Азия құрлығындағы маңызды турнирлердің бірі болып табылады.

Турнир 10 салмақ дәрежесінде (49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг,+91 кг) өтеді. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі.

Халықаралық Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухына арналған турнирдің басты мақсаты әуесқой боксты дамыту және насихаттау. Онымен қоса ұлтымыздың батырлары Исатай мен Махамбет  атын алыс шет елдерге таныстыру. Ерлеріміздің ерлік істерін дәріптеп, болашақ ұрпақтың санасына сіңдіру, әлемге паш ету. Қала тұрғындары мен қонақтарына спорттық мереке сыйлау.

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өткелі отырған турнирдің жас буынды тәрбиелеуге, болашақ Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті жастарын қалыптастыруға, оларға батыр бабаларымыздың ерлік істерін дәріптеуге тигізетін ықпалы мол.

Батыр бабалар атындағы турнир бокс сүйер қауым арасында кеңінен танылып үлгерді. Биылғы жылы көрермендері тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Халықаралық бәсеке туралы толық ақпараттарды Атырау облысы әуесқой бокс федерациясының ресми сайтынан ала аласыздар. (Afb.kz)

Ашылу салтанаты және іріктеу кезеңдері: 26 сәуір, 15:00

Іріктеу сайыстары: 27, 28, 29 сәуір 15:00

Финалдық кездесулер: 30 сәуір 14:00

 

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …