Басты бет / Велоспорт / «АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ГОЛЛАНДИЯДА ТОП ЖАРДЫ

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ГОЛЛАНДИЯДА ТОП ЖАРДЫ

15 сәуір күні «Астананың» велокомандасының  шабандозы Михаэль Вальгрен «Amstel Gold Race 2018» біркүндік классикалық сайысында жеңіске жетті.

Голландия елінде өткен атақты біркүндік сайыста жеңіске жету бірлескен командалық жұмыстың нәтижесінде жүзеге асты. «Астана» велокомандасының Даниялық шабандозы Михаэль Вальгрен турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Mitchelton-Scott» командасының шабандозы Роман Кройцигер, үшінші орынды Энрико Гаспаротто (Bahrain-Merida) иеленді.

Бұл Вальгреннің классикалық жарыстардағы екінші жеңісі болып табылады. Бұдан бұрын ол  «Омлууп Хет Ньюзблад Элит» турында бірінші орыннан көрінген болатын. Осыдан екі апта бұрын «Фландрии Турында» төртінші келді.

«Амстел Голд Рейс»
Maastricht — Berg en Terblijt. 263 шақырым

1. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана»)

2. Роман Кройцигер (Чехия, Mitchelton-Scott)

3. Энрико Гаспаротто (Италия, Bahrain-Merida).

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий