Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / АМЕРИКАЛЫҚ ЖІГІТ БАСЫНА ГОЛОВКИННІҢ ПОРТРЕТІН САЛҒЫЗДЫ

АМЕРИКАЛЫҚ ЖІГІТ БАСЫНА ГОЛОВКИННІҢ ПОРТРЕТІН САЛҒЫЗДЫ

Америкада шаштараз Мигель Росас Twitter-де қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған жұмысының суретін жариялады, деп жазады sputniknews.kz.
Шаштаразға келген клиенттердің бірі шүйде тұсына Головкиннің суретін салғызған. Шебердің жұмысын GGG промоутері Том Леффлер бағалап, онымен әлеуметтік желіде бөлісті.

​Бұл Мигельдің алғашқы жұмысы емес. Росастың аккаунтынан танымал жұлдыздардың шаш қию арқылы салынған портреттерін көптеп кездестіруге болады.

Айта кетсек, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда StubHub Center (Карсон, Калифорния штаты) өтеді деп жоспарлануда. Жерлесіміздің шаршы алаңға кіммен шығатыны әлі белгісіз, алайда қарсылас ретінде америкалық Ванес Мартиросянның есімі жиі аталып жүр.

https://twitter.com/newstylebarbers/status/985618408439009286/photo/1?tfw_site=Sputniknewskz&ref_src=twsrc%5Etfw&ref_url=https%3A%2F%2Fsputniknews.kz%2Fsport%2F20180416%2F5303488.html

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий