Басты бет / Әлем / ӨЗБЕК БОКСШЫЛАРЫН ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

ӨЗБЕК БОКСШЫЛАРЫН ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Кеше түнде WSB жобасындағы алғашқы кездесулердің біреуі аяқталып, Куба боксшылары Өзбекстан құрамасын 5:0 есебімен күйрете жеңді.

Бұл Куба қабыландарының осы маусымдағы екінші кездесуі болатын. Гаванада өткен «Colombia Heroices» бірінші кездесуде де 5:0 есебімен «Cuba Domaderos» клубы жеңіске жеткен-ді. Гаванада өткен екінші кездесуде Бостандық аралының күрзі жұдырықты жігіттері «Uzbek Tigers» комадасын айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 5:0.

Енді Өзбек жолбарыстары 27 ақпанда өз жерінде Куба қабыландарын қабылдайды.

WSB жобасы. Алғашқы айналым. «Cuba Domaderos» – «Uzbek Tigers» – 5:0

52 келі: Йосвани Вейтия (Куба) – Худойназар Файзов (Өзбекстан) – 3:0 (50:44, 49:46, 50:45)

60 келі: Ласаро Альварес (Куба) – Шункор Абдурасулов (Өзбекстан) – 3:0 (50:42, 50:43, 50:42)

69 келі: Рониэль Иглесиас Сотолонго (Куба) – Махмуд Гаипов (Өзбекстан) – 3:0 (50:41, 50:41, 50:39)

81 келі: Хулио Сесар Ла Круз (Куба) – Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан) – 3:0 (50:41, 50:42, 50:43)

+91 келі: Хосе Лардет (Куба) – Баходир Джалолов (Өзбекстан) – 2:1 (47:48, 50:45, 48:47)

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий