Басты бет / Әлем / «НҰРЖАН СЕЙДУӘЛІ-ЧЕМПИОН»

«НҰРЖАН СЕЙДУӘЛІ-ЧЕМПИОН»

Джиу-джитсудан әлем чемпионатының екінші күні Нұржан Сейдуәлі чемпион атанды.

Колумбияның Богота қаласында джиу-джитсу спортын әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы 1 алтын және 3 қола медаль еншіледі.

Неваза жүйесі бойынша 56 келіде сынға түскен Нұржан Сейдуәлі қарсылас шыдатпай, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Айта кету керек, дәл осы самақта былтыр Дархан Нортаев чемпион атанған болатын. Осылайша, 56 келі джиу-джитсудағы қазақтың салмағы деп сенімділікпен айтуға болады. Ал Дархан б2 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Тағы екі қола медальді 69 келіде неваза жүйесі бойынша Мансур Хабиболла мен 62 келіде файтинг жүйесі бойынша Әлия Тлепова еншіледі.

Осылайша, қос күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …

Добавить комментарий