ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «D» ТОБЫ

«D» тобы

«Исландия»

2016 жылғы Еуропа чемпионатының басты сенсациясы осы Исландия құрама командасы болатын. Демографиясының осалдығына қарамастан жыл салып осындай үлкен ала доп аламандарына үзбей қатысып тұрады. Белгілі бір мықты ойыншысы жоқ Исландия кәрі құрлыққа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлескен ойынымен есте қалды. Соңғы дайындық ойындарында Мексика мен Перуға есе жіберген исландықтардың жағдайы мәз емес. Бірақ, жоқтан бар жасайтын, мүмкін еместі мүмкін қылған исландықтардан барлығын күтуге болады. Ал, әзріше менің ойымша Исландия «D» тобында соңғы орынды місе тұтады. Бірақ, кім біледі?

«Нигерия»

Африка құрлығының жарқын құрамаларының бірі Нигерия. Және осы әлем біріншілігіндегі ең жас команда. Үміт күттіреді әрине. Сапында да өз позициясының мықтылар бар. Вильфред Ндиди, Ивоби, Ахмед Муса мен Виктор Мозес секілді ойыншылары бар Нигерия таң қалдыра алады. Осындай Нигерия «D» тобында алдыңғы не соңғы орындарды алуы мүмкін. Барлығы өздеріне байланысты. Енді уақыт көрсетеді. Ал, менің болжамым бойынша қырандар топтан 3 орын алады.

«Хорватия»

Кәрі құрлықта есімі жаңғырып жүрген Хорватия құрама командасы «D» тобының фавориттерінің бірі. Тек, құраманың құрамына қарасаңыз болды.  Ойыншылардың барлығы тәжірбиелі. Еуропаның алдыңғы, азулы командаларында доп тебеді. Хорватия құрама командасының ең көз қызығарлық әрі қарсыласқа қорқыныш ұялататын жері ол жартылай қорғаныс шебі. Әлемнің қос бірдей алып клубтарында өнер көрсететін Лука Модрич пен Иван Ракитич. Шахмат жейделілердің басты жұлдыздарынан басқа керемет ойыншыларымен толыққан құрамы бар. Перишич, Калинич, Манджукичтер шабуылды шыңдай түседі. Осындай керемет аяқ допшылары бар Хорватия ала доп аламанында өз тобынан 2 орынмен шығады.

«Аргентина»

Миллиондар кумирі Мессидің құрамасыда турнирде жеңіске жетуі мүмкін құрамалар қатарыда. Ұлттық құрамада жолы болмайтын Леоның әлем чемпионы кубогін алу жолындағы соңғы мүмкіндігі. Сапында әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы ойыншылар болғанымен, Аргентина Мессисіз ешқандайда үздік ұлттық құрама емес. Егерде, Леоның көңіл күйі немесе физикалық дайындығы аз болатын болса, тисінше Аргентина да ойын өрнегін жоғалтады. Пауло Дибала, Гансало Игуаин, Серхио Агуэро, Анхэль Ди Мария секілді ойыншылар Мессиге басынан әлем кубогін көтеруге тырысатын болады. Бапкері баппен басқаратын Аргентина топтан сүрінбей өтіп, плейй-оффта ойнайтын болады. Хорхе Сампаоли бапкерлік ететін қүраманың бұған толықтай құқығы бар.

Бөлісу:

Добавить комментарий