Басты бет / Басқа түрлер / НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті.

Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды және Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында өткізілді.

Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 6839 спортшы қатысты. Екінші кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1511 спортшы бақ сынасса, үшінші кезеңі — облыстық ақтық сайысқа 250 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. Үш кезең бойынша барлығына 8600 спортшы сынға түсті.

Түйе палуан сайысына 13 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн. 170 мың теңгенің сертификаты табысталды.

«Сыр Арланы» — қызылордалық Мақсат Исақабыловқа 630 мың теңгенің сертификаты беріліп, «Сыр Сұңқары» — қызылордалық Жасұлан Досымовқа 360 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында «Салауатты ұрпақ» кіші жобасы бойынша жарыста ептілігімен көзге түскен бірқатар балуандар аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломдарымен марапатталды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен М.Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.


Жарыс жеңімпаздары:
2003-2004 ж.т. кіші жасөспірімдер:
38 келі: Нұрсұлтан Хамит (Жалағаш)
42 келі: Мағжан Жарылқасын (Шиелі)
46 келі: Ернар Қуандық (Қызылорда)
50 келі: Мейірбек Әлкебай (Арал)
55 келі: Абдулазиз Тұраш (Қармақшы)
60 келі: Дінмұхаммед Алтай (Қармақшы)
66 келі: Думан Файзулла (Жаңақорған)
73 келі: Дінмұхаммед Айдарбеков (Сырдария)
+73 келі: Саят Ысқақ (Қызылорда)

2001-2002 ж.т. жасөспірімдер:
46 келі: Теміржан Руслан (Жалағаш)
51 келі: Шыңғыс Мұқанғалиев (Қармақшы)
57 келі: Ермахан Қамар (Жаңақорған)
64 келі: Диас Мажитов (Қызылорда)
72 келі: Наурызбек Мамыт (Жаңақорған)
81 келі: Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда)
+81 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған)


1999-2000 ж.т. жастар:
55 келі: Мұхит Шералиев (Қызылорда)
60 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған)
66 келі: Бағдәулет Төлешов (Қызылорда)
74 келі: Нұрсұлтан Өтепберген (Жаңақорған)
82 келі: Еңбек Сақатағанов (Қызылорда)
90 келі: Ринат Тоғысов (Қармақшы)
100 келі: Нұрберген Алдаберген (Қызылорда)
+100 келі: Нұрлыхан Шархан (Қызылорда)


Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы)
60 келі: Райымбек Рантаев (Шиелі)
66 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр)
74 келі: Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда)
82 келі: Ғалымжан Абдрахманов (Қармақшы)
90 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда)
100 келі: Мақсат Исақабылов (Қызылорда)
+100 келі: Еламан Ерғалиев (Қызылорда)

Сондай-ақ

КАНАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫ РИНГКЕ ШЫҒАДЫ

Шавиниганда (Канада) 16 маусымда үш қазақстандық қатысатын бокс кеші өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Атап айтқанда, рингке …