Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ

Франция астанасы Париж қаласында джиу-джитсу спортынан «Grand Slam Paris Open» (JJIF) xалықаралық турнирі өтуде.

Дүбірлі додаға Қазақстандық спортшылар да аттанған болатын. Жарыстың алғашқы күні неваза түрі бойынша сайыстар өтіп, құрама қоржынына төрт медаль түсті.

56 келі салмақта 2017 жылғы əлем чемпионы Сейдуали Нұржан турнир чемпионы атанды. Екінші орынды ды тағы бір отандасымыз Қонысов Қуандық иеленіп отыр.

62 келі салмақта Жəнібек Əбу-Бəкір күміс медальға ие болса, осы салмақта Нортаев Дархан қола жүлдеге ие болды.

Ертең сайыстар файтинг түрі бойынша жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын өткен сайыста Файтинг-систем бөлімінде ұлттық құрама мүшесі, Маңғыстаулық спортшы, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері — Жәнібек Әбу-Бәкір қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий