Басты бет / Қысқы спорт / Биатлон / ВИШНЕВСКАЯ СПРИНТТЕ 30-ШЫ ОРЫНДА

ВИШНЕВСКАЯ СПРИНТТЕ 30-ШЫ ОРЫНДА

Олимпиада ойындары аясында биатлон жарыстары басталды. Бүгін әйелдер спринтте бақ сынады.

Пхенчханда ауа-райының қолайсыз болғанын айта кету керек. Екі ату айлағында да мергендік танытқан Германиялық Лаура Дальмаер чемпион атанды. Бір-бірден қателік жіберген Норвегиялық Марте Олсбю мен Чехиялық Вероника Виткова сәйкесінше күміс пен қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық арасындағы үздік нәтиже Галина Вишневскаяға тиесілі. Отандасымыз екі қателік жіберіп, 30-шы орыннан көрінді. Дарья Климина 58-ші, Ольга Полторанина 63-шы, Алина Райкова 71-ші орындардан көрінді.

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий