Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / ГОЛОВКИННІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ГОЛОВКИННІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда 39-шы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — америкалық Ванес Мартиросян. Vesti.kz спортшының өмірі жайлы және бокстағы жетістіктері жайлы материал ұсынады.

Ванес Мартиросян Арменияда дүниеге келген. Бірақ 1990 жылы 4 жасқа келгенде отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Сол кезден бастап ол Калифорния штатының Глендейл қаласында тұрған.

Жеті жасынан бастап спортпен айналыса бастаған. Орта мектепте оқып жүргенде көп уақытын жаттығу залына бөлетіндіктен үйде оқитын болған. Ең қызығы, америкалық боксшының әкесі де боксшы болған екен. Әкесі мұнымен қоса, зауытта жұмыс істеген. АҚШ-қа көшіп келген соң ұлын да боксқа берген.

Ал 20 жасында Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысады. Боб Арумның Top Rank компаниясымен жұмыс істей бастайды. Бастапқы 18 жекпе-жегін  Мартиросян рейтингі төмен боксшылармен ғана өткізген.

Кәсіпқой мансабы. 2009 жылдың 19 желтоқсанында алғаш рет титулдық жекпе-жегін өткізеді. NABF және WBO NABO тұжырымдары бойынша жұдырықтасқан  Мартиросян үшінші раундта Вилли Лиді техникалық нокаутпен жеңеді. Ал жарты жылдан кейін  Мартиросян жеңіліп көрмеген америкалық Джо Гринмен кездесу өткізеді. Сол жекпе-жекте Мартиросян есеп бойынша жеңіске жетіп,  WBA тұжырымы бойынша чемпион титулын жеңіп алады. Бұл оның 28-ші жеңісі болған.

Жалпы, боксшы 40 жекпе-жек өткізген. Оның 36-сы жеңіспен аяқталған, үшеуінде жеңіліске ұшырап, тағы біреуін тең есеппен аяқтаған.  Боксшының Instagram желісіндегі суреттеріне қарағанда, Мартиросянның екі баласы бар — ұлы мен қызы. Кеше, 18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді. Кездесу 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласының StubHub Center аренасында өтеді. Билеттер сатылымға бүгін түседі. 31 жастағы Мартиросян Арменияда туған, жеті жасында отбасымен АҚШ-қа көшкен. 2001 жылы ол АҚШ-тың атынан Афинадағы Олимпиадаға қатысып, екінші айналымда шығып қалған. Бұдан кейін Мартиросян кәсіпқой боксқа ауысқан.

Дереккөз: vesti.kz

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БОКСШЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНІҢ УАҚЫТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Садриддин Ахмедовтың …

Добавить комментарий