Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / АҚТАУДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТЕДІ

АҚТАУДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТЕДІ

 

Мамырдың 4-і мен 6-ы аралығында Ақтау қаласында «Маңғыстау арена» спорт кешенінде 1998-2001 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ҚСРО спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Турнирдің басты мақсаты жастар арасында осы спорт түрін дамыту, спортшылардың қарым-қатынастарын нығайту, ҚР спорт шебері нормативін орындау және ұлттық құрамаға іріктеу болып табылады.   Жарысқа Қазақстанның әр аймағынан келген спортшылар мен Армения, Грузия, Литва, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей және Украина сынды мемлекет өкілдері қатысады.

Турнир Халықаралық федерациясының ережесіне сәйкес (UWW) 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі: 55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг, 130 кг (+2 кг артық салмақ қосылуға болады). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын — 1000, екінші орын — 700, үшінші орын — 500 АҚШ доллары, сонымен қатар жеңімпаздардың бапкерлеріне – 500 АҚШ доллары.

Назарларыңызға турнирдін бағдарламасын ұсынамыз:

4 мамыр:

10:30-13:30 – Іріктеу кездесулері – 55, 63, 72, 82, 97 кг.

13:30-15:00 – Түскі үзіліс

14:30-15:00 – Жеребе тарту – 60, 67, 77, 87, 130 кг.

15:00-15:30 – Салтанатты ашылу рәсімі

15:30 – Жартылай финал

5 мамыр:

10:30-13:30 – Іріктеу кездесулері

13:30-15:00 – Түскі үзіліс

15:00-16:00 – Жартылай финал – 60, 67, 77, 87, 130 кг.

16:00-17:00 – Жұбаныш белдесулер – 55, 63, 72, 82, 97 кг.

17:00 – Финал – 55, 63, 72, 82, 97 кг.

Марапаттау рәсімі

6 мамыр:

10:30-12:00 – Жұбаныш белдесулер

12:00 – Финал – 60, 67, 77, 87, 130 кг.

Марапаттау рәсімі

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий