Басты бет / Соңғы жаңалықтар / БАЙСУФИНОВ: «АЛДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ШЕТЕЛДЕ ОЙНАЙТЫН БЕС ФУТБОЛШЫ ШАҚЫРТУ АЛМАҚ»

БАЙСУФИНОВ: «АЛДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ШЕТЕЛДЕ ОЙНАЙТЫН БЕС ФУТБОЛШЫ ШАҚЫРТУ АЛМАҚ»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен таныстырып, селекциялық жұмыстар жөнінде айтып берді.

– Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны ФИФА бекітке уақытта өтеді. Яғни, 2-10 маусым аралығы. Дайындық уақытына екі жолдастық матч жоспарланған. Бірінші ойын 4 маусым күні Әзірбайжан жастар құрамасына қарсы өтеді. Екінші кездесу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл ойында қарсыласымыз Премьер-лиганың легионерлер құрамасы немесе сол уақытта Астанада жиын өткізетін қазақстандық команда болуы мүмкін.

Алдағы оқу-жаттығу жиынына шетелде ойнайтын бес футболшы шақырту алмақ. Төрт үміткер Беларусь елінің Бірінші лигасында ойнайды. Ал, бір футболшы Бельгияның Екінші дивизионы командасының намысын қорғайды.

Жастар құрамасының Қазақстандағы селекциялық жұмыстарының да тоқтамайтынын айтқым келеді. Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига ойындарын жиі қараймыз. Кандидаттар бар. Олардың есімі кейін жарияланады.

Дереккөз:: kff.kz

 

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий