Басты бет / Соңғы жаңалықтар / РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы естелік сыйлығының иегері. Өткен Чемпионаттың қорытындысы бойынша ол 387 матч өткізген болатын.
Бүгін оның жетістігін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев атап өтті:
— Ең алдымын, бұл жүлде арқылы теңдесіз қазақ футболшысы Серік Жейлітбаевқа құрмет көрсетеміз. Дана ойыншының біздің есімізде мәңгі сақталатыны анық. Кемеңгер футболшының ойыны отандық футболдың тарихында алтын әріптермен жазылды. Көптеген футбол жанкүйерлері Серікті қатты жақсы көретін. Өкінішке қарай, бапкерлік қызметте алғашқы қадамын бастаған сәтте ауыр науқас оның өмірін қиып кетті. Біздің футбол жақсы маманнан айырылып қалды.
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде футболшының өмірден озған жылы енгізілген еді. Сол уақыттан бастап жоғары дивизионда ең көп матч өткізген футболшыларға беріле бастады. Серік Жейлітбаев атындағы жүлдені Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков және Игорь Юрин алған болатын.
Бүгін шеберлердің атақты тізіміне тәжірибелі Ренат Абдулин қосылды. Біз шын жүректен сыйлық иегерін құттықтаймыз! Бүгінгі сыйлық — футболшының үлкен жолды артқа тастап, Қазақ футболының тарихында лайықты орынға ие болғанының дәлелі.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Ренат Абдулин өз эмоциясымен бөлісті:
— Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Серік Жейлітбаев атындағы жүлдені тағайындағаны қуантады. Менің бүгінгі жүлдем өмір бойы сақталады. Қадірлі сыйлық. Ең алдымен сыйлық алға қойған мақсатымды орындап, ұзақ жолдан бағындырғанымның белгісін білдіреді. Әлі де болса лайықты футбол ойнауға тырысып жүрмін.
Серік Жейлітбаевпен жақсы араластық. Дос едік. «Қайрат» сапында бірге ойнап, маусым аралық үзілісте шағын футболда доп тептік. Мереке және демалыс күндерін үнемі бірге қарсы алатын едік. Мейірімді әрі парасатты жан еді. Ақылды әрі шебер ойыншы болды. Ондай футболшыны әлі күнге дейін кездестірмедім. Әрқашан қолдап, қорғап жүретін.
Виталий Артемовпен де жақсы дос болған едік. Қазір олардың жақындарына көмектесіп жүрміз. Биыл Самат Смақов, Әли Әлиев және басқа да футболшылармен бірге өмірден өткен достарымызды еске алып, турнир ұйымдастырған болатынбыз. Бәріміз бір отбасымыз.

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ 22-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ДЕП ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВТІҢ ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …

Добавить комментарий