Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ ВЕНГРИЯДА ДА БІРІНШІ

ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ ВЕНГРИЯДА ДА БІРІНШІ

Дебреценде өткен Халықаралық турнирде Қазақстандық боксшылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Жалпы сайысқа 23 елден 158 боксшы қатысты.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы атақты Иштван Бочкаи турнирінде бақ сынады. Осымен 62-ші мәрте ұйымдастырылған турнирде үш алтын медальмен бірінші орын алды.

56 келіде Ілияс Сүлейменов қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Ол финалда Чехиялық Мирослав Горолді ұтты.

64 келіде жастар арасындағы Азия чемпионы Саматәлі Толтаев шаршы алаңға шығып, барлық кездесулерінде де жеңіске жетті. Финалда тәжірбиелі Моңғол боксшысы Чинзорик Баатарсуктан басым түсті.

69 келіде Асланбек Шымбергенов үздік шықты. Ол финалда жарыс қожайыны Андрас Вадашты ұтты.

Аса ауыр салмақта жас боксшымыз Айболды Дәуренұлы күміс алса, 75 келіде Абай Төлеш қола жүлдегер атанды.

Жалпы командалық нәтиже:

1. Kazakhstan — 3 gold, 1 silver, 1 bronze
2. Hungary — 2 gold, 1 silver, 6 bronze
3. Belarus — 1 gold, 1 silver
4. England — 1 gold, 1 bronze
5. Romania — 1 gold
6. Ukraine — 1 gold
7. Netherlands — 2 silver, 1 bronze
8. Russia — 1 silver, 2 bronze
9. Slovakia — 1 silver, 1 bronze
10. Czech — 1 silver, 1 bronze
11. Mongolia — 1 silver
12. Croatia — 3 bronze
13. Moldova — 1 bronze
14. Israel — 1 bronze

 

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий