Таэквондо

СМАЙЫЛ ДҮЙСЕБАЙ ГЕРМАНИЯДА КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

6-8 сәуір аралығында Германияның Гамбург қаласында таеквондодан рейтингтік турнир өтті. G-1 рейтингтік жарысында +87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Смайыл Дүйсебай күміс жүлдегер атанды. Биылғы жыл басталысымен Қазақстандық таеквондошылар жеті шет елдегі турнирлерге қатысты. Спортшыларымыз жалпы саны 11 алтын, 13 күміс және 12 қола медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде 2 алтын …

толық оқу»

ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЕКІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 469 таеквондошы жиналғанын айта кету керек. Жарыстың екінші күні ұлдар 37, 45, 53 келі салмақтарда, қыздар 33, 41, 47 келі салмақтарда сынға түсті. Төмендегі спортшылар ел чемпионы атанды. 37 кг: 1. Рақым Рахат …

толық оқу»

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 469 таеквондошы жиналған. Жарыстың ашылуында Республикалық таеквондо федерациясының өкілдері, Ибраев Мақсұт Сансызбайұлы мен Чилманов Арман Константинұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Айта кету керек, Тугаев Арман Мырзабайұлы бастаған Атырау облысы таеквондо федерациясы 2017 жылдың қорытындысы …

толық оқу»

ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІ

Жаңартылған Халықаралық таеквондо рейтингісінде үздік жиырмалықта 4 Қазақстандық спортшы бар. 2018 жылы Қазақстан таеквондошылары 3 Халықаралық жарысқа қатысты. 24-25 ақпан аралығында Мысыр елінде G-2 «Egypt Open» турнирі өтті. Одан кейін 10-14 ақпан аралығында Түркияда  «Turkish Open» G-1 турнирі мен 6-9 ақпанда Клубтар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті. Аталған жарыстарда таеквондошыларымыз жүлделі …

толық оқу»

АЛМАТЫДА КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдо, бокс, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, қазақ күресі спорт түрлерінен Конфедерация Кубогының ақтық бәсекелері өтті. Алматы құрамасы таеквондодан Алматы облысының балуандарын тізе бүктірді. Шешуші жекпе-жекте 30 ұпай айырмасымен алматылық таеквондошылар басым түсіп, Конфедерация Кубогының иегері атанды. — Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бізден …

толық оқу»

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ ЕЛДОС СМЕТОВТЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІЛДІ

Қазақстанда конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері басталды. Дүбірлі додада спорттың 5 түрінен спортшылар бақтарын сынады. Атап айтқанда, спортышалыр бокс, дзюдо, таеквондо, еркін жəне грек рим күрестерінен өзара мықтыны анықтады. Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңінде «D» тобының спортшылары жартылай финалдық жолдама үшін барын салды. Жеребе бойынша «D» тобына Ақмола облысы, Жамбыл облысы, …

толық оқу»

БАХЫТЖАН ӘБІЛХАСАН ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Египетте таеквондо спортынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың үшінші күні тарихымызда тұңғыш рет әлем чемпионатының алтын медалі түсті. 41 келі салмақта сынға түскен Бахытжан Әбілхасан бес кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде Мексикалық, кейін Болгар таеквондошысын ұтты. Ширек финалда Түрік спортшысын ұтты. Жартылай финалда Бахытжан Ливан …

толық оқу»

БАКИШЕВА РИТА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Египетте таеквондо спортынан жасөспірімдер арасында әлем біріншілі жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күні 33 келі салмақта сынға түскен Рита Бакишева қола жүлдегер атанды. Жас спортшымыз алдымен Ресейлік Анжелина Гоголеваны жарыс жолынан шығарды. Кейін Швециялық Холмстер Аннаны ұтты. Жартылай финалда отандасымыз Мексикалық қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Бұл салмақта …

толық оқу»

ЖАНСЕЛЬ ДЕНИЗ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Тайпей елінде жазғы Универсиада ойындары өтуде. Жарыстың сегізінші күні таеквондошыларымыз құрама қоржынына жүлде салды. Атыраулық Жансель Дениз 73 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Жеңіске жету үшін спортшымыз бес кездесу өткізді. Алғашқы айналымда Жансель Чилилік қарсыласын 23:8 есебімен оңай ұтты. Кейін Германиялық азулы қарсыласын 17:12 есебімен жеңді. Ширек финалда Мексикалық …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ ТҰРМАҚ

19-шы тамыз «Спорт күніне» орай Атырау облысында жекпе-жек түрлерінен өтетін «Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі аясында: Қазақстан əлем таеквондошыларына қарсы! Иран, Ресей, Марокко, Корея және Армения елдерінің таеквондошылары Қазақстан таеквондошыларына қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстан намысын əлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов бастаған спортшылар қорғайды! «Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі аясында …

толық оқу»