Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / СМАЙЫЛ ДҮЙСЕБАЙ ГЕРМАНИЯДА КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

СМАЙЫЛ ДҮЙСЕБАЙ ГЕРМАНИЯДА КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

6-8 сәуір аралығында Германияның Гамбург қаласында таеквондодан рейтингтік турнир өтті.

G-1 рейтингтік жарысында +87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Смайыл Дүйсебай күміс жүлдегер атанды.

Биылғы жыл басталысымен Қазақстандық таеквондошылар жеті шет елдегі турнирлерге қатысты. Спортшыларымыз жалпы саны 11 алтын, 13 күміс және 12 қола медаль еншілеп үлгерді.

Оның ішінде 2 алтын (Египет, Украина), 2 күміс (Голландия, Германия) және 1 қола (Түркия) медаль Смайыл Дүйсебайға тиесілі. Отандасымыз әлем рейтингінде 87 келі салмақта 8-ші, +80 келіде 20-шы орында келеді.

 

Сондай-ақ

НАМЫС ОТЫНА ШОҚТАЙ ҚАРЫЛҒАН ӘБІЛСЕЙІТ АЙХАНОВ

Кеше қазақтың әйгілі балуаны Әбілсейіт Айхановтың туған күні болды. Марқұм, тірі болса, 80-ге толар еді. …