Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам спортшы үстіміздегі жылдың 25-нен 30-шы қыркүйегі аралығында Алматы маңындағы «Алатау» заманауи шаңғы-биатлон кешенінің базасында өтетін, шаңғы жарысы бойынша жыл сайынғы дәстүрлі Жазғы чемпионатқа қатысады. Биылғы айтулы оқиғаның хедлайнері, Шаңғы жарысы бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері болмақ.

Қазір қазақстандық спортшылар алдағы 2018 жылдың Қысқы Олимпиада Ойындарына қызу дайындық үстінде, ақпан айынан бастап олар «Олимпиада алтыны» үшін, Норвегия, Ресей, Швейцария, Финляндия құрамаларының шаңғышылары сияқты танымал бәсекелестерімен бақ сынасатын болады.

Тәжірибелі спортшы әрі Шаңғы жарысынан Ұлттық федерацияның Бас хатшысы Андрей Невзоровтың айтуынша, алдағы Жазғы республикалық чемпионат біздің жарысқа қатысушылар үшін Қысқы Олимпиада Ойындарына өздерінің дайындық деңгейлерін көрсету үшін зор мүмкіндік болмақ.

«Біздің еліміздің тарихы шаңғы жарыстары бойынша ірі жарыстарда қол жеткізген жеңістерге бай. Бізде жақсы мектеп, тәжірибелі жаттықтырушылар, мықты  спортшылар бар.  Біздің ұл-қыздар үшін бұл чемпионат, қай бағытта жетістіктері, ал қай жағынан жұмыс жасау керектігін айқындап беретін өзіндік көрсеткіш болмақ», — дейді Андрей Невзоров.

Атап өтерлігі, алдағы жазғы жарысқа әйелдер және ерлер командаларымен қатар юниор қыздар мен ұлдар командалары да қатыса алады. Жарыс 4 негізгі бағыт бойынша өтетін болады: кросс, спринт, классикалық жүру жарысы және еркін жүру жарысы. Жарысқа қатысушылар өз күштерін  3/5/10 немесе 15 км қашықтықта байқай алады.

«Мен үшін республикалық чемпионаттарға қатысу халықаралық жарыстарға қатысудан кем түспейді. Мен шетелдік әріптестерімнің дене бітімін де, дайындық деңгейін де білемін, шынымды айтсам, көптеген біздің жаңа бастаушы спортшыларымыз бен әуесқой-шаңғышыларымыз өзге елдердің ұлттық құрамаларының мүшелерінен ешқандай кем түспейді. Қазір Қазақстанның барлық аймағында спортшылардың кәсіби деңгейде өсуіне барынша қолайлы жағдай жасалған, және де мені қуантатыны, біздің спорт түрі жастар арасында күннен күнге танымал болуда. Біз алдағы чемпионатты асыға күтудеміз», — деп өз ойымен бөлісті Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық құрама мүшесі Даулет Рахимбаев.

Алматыдағы шаңғы жарыстары бойынша Жазғы чемпионаттың бас төрешісі  Евгений Кисляков болмақ, ол спорт шебері, шаңғы жарыстары бойынша Павлодар облысы құрамасының бас жаттықтырушысы.

Жарысқа қатысуға өтінім қабылдау 2017 жылдың  24-ші қыркүйегіне дейін ашық,   nbk.12@mail.ru  электрондық поштасына немесе  +7-777-241-24-24 номеріндегі  WhatsApp мессенджеріне өтінім жолдау арқылы тіркеуден өтуге болады .

ШЖҰФ Баспасөз-қызметі

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий