Басты бет / Мақала / «АСТАНА» КОМАНДАСЫНЫҢ ЛИГАДАҒЫ ТАБЫСЫ ҚАНША?

«АСТАНА» КОМАНДАСЫНЫҢ ЛИГАДАҒЫ ТАБЫСЫ ҚАНША?

«Астана» командасы 2017/18 маусымындағы Чемпиондар лигасындағы ойындарын тоқтатты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақастандық клуб топтық кезеңге шыға алмай қалды. Ал іріктеу кезеңінде «Астана» латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) пен польшалық «Легияны» (3:1, 0:1) жеңген. Екінші раундағы жеңіс үшін «Астана» 320 мың еуро алды, үшінші айналым және плей-офф раунды үшін төлем қарастырылмаған. Ел чемпионы ретінде клуб 260 мың еуро иеленді.

Сонымен қатар, Еуропа Лигасының топтық кезеңінің барлық қатысушыларына 2,6 миллион еуродан бөлінеді. Осылайша, «Астана» қазіргі кезге дейін 3 миллион 180 мың еуро табыс тапты. УЕФА төлемдері еурокубокатар аяқталған соң жасалады, яғни, келесі жылы маусымда. Соныме қатар, астаналық клуб маркетинг құқықғы үшін бонустық төлем алуы мүмкін. Еуропа Лигасының топтық кезеңде жеңіске жеткендер 360 мың еуро, тең ойнағандар 120 мың еуро алатынын айта кетейік.

Еуропа Лигасындағы «Астана» қарсыластары 25 тамызда Монакода өтетін жеребе тарту кезінде белгілі болады. Еуропа Лигасының топтық кезеңіне 48 команда қатысады. Олар тқрт командадан 12 топқа бөлінеді. Бірінші тур 14 қыркүйекте, ал шешуші тур — 7 желтоқсанда болады. Әр топтан ең мықты екі команда турнирдің плей-офф кезеңіне өтеді.

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …

Добавить комментарий