Басты бет / Мақала / «EXPO 2017 Football Cup» РЕСЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«EXPO 2017 Football Cup» РЕСЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Астана Арена» стадионында өтіп жатқан «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде Ресей Әлем жұлдыздары құрамасын 7:4 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қос команда арасындағы кездесу тартысты өтті. Есепті бірінші болып Әлем құрамасының ойыншысы Винсан Кандела ашты. Алайда Ресей құрамасының футболшысы Роман Широков есепті теңестірді.

Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, сауатты қорғана білді. Ойында Винсан Кандела мен Роман Широков дубль жасады. Ал 12-минутта Ресей құрамасының ойыншысы Евгений Алдонин мачтағы үшінші голды салды. Осылайша бірінші тайм 3:2 есебіме Ресейдің пайдасына шешілді.

Екінші тайм бастала салысымен, Ресей құрамасы өткір шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде 21-минутта Евгений Алдонин дубль жасаса, 22-минутта Дмитрий Сенников командасын алға шығарды. Ал 26-минутта Виктор Гулаков кездесудегі алтыншы голдың авторы атанды.

27-минутта Әлем құрамасының ойыншысы Азамат Абдураимов есеп айырмасын қысқартты. 33-минутта Яри Литманен қарсыластар қақпасына матчтағы төртінші голды салды. 38-минутта Ресей футболшысы Виктор Булатовтың соңғы голы ойынды қорытындылады.

40 минутқа созылған матчта 7:4 есебімен Ресей құрамасы жеңіске жетті. Осылайша, Ресей «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің жеңімпазы атанды. Ал Әлем жұлдыздары құрамасы екінші орынды, үшінші орынды Португалия футболшылары иеленді. Қазақстан құрамасы болса төртінші орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің үздік ойыншылары анықталды:

«Үздік қақпашы» — Александр Шовковский (Әлем жұлдыздары құрамасы);
«Үздік қорғаушы» – Фернанду Мейра (Португалия құрамасы);
«Үздік шабуылшы» – Нуну Манише (Португалия құрамасы);
«Үздік ойыншы» — Роман Широков (Ресей құрамасы);

Жеңімпаз бен жүлделі орынға ие болған құрамаларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов құттықтап, оларды медальдармен марапаттады.

Ресей құрамасы: Евгений Алдонин, Виктор Булатов, Александр Филимонов, Константин Головской, Марат Измайлов, Валерий Карпин, Сергей Кирьяков, Дмитрий Сенников, Дмитрий Хлестов, Роман Широков, Ахрик Цвейба.

Әлем жұлдыздар құрамасы: Христо Стоичков (Болгария), Азамат Абдураимов (Өзбекстан), Александр Шовковский (Украина), Винсан Кандела (Франция), Яри Литманен (Финляндия), Алдаир (Бразилия), Гаиска Мендьета (Испания), Жереми Нжитап (Камерун), Мухсин Мухамадиев (Тәжікстан), Жан Пьер Папен (Франция), Эрнан Креспо (Аргентина).

Фото: Абзал Қалиев

Baq.kz 

Сондай-ақ

АНА: ТӨРЕШІ ҚАЙРАТЫМНЫҢ ҚОЛЫН КӨТЕРГЕНДЕ ДАЛАҒА АТЫП ШЫҚТЫМ

Бокстан әлем чемпионы атану — кез келген спортшының басына бұйыра бермейтін бақ. Гамбург төрінде қазақтың …