Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ӘСЕМ САДЫҚОВА — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

ӘСЕМ САДЫҚОВА — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Әсем Садықова қоссайыс нәтижесінде 222 келіні бағындырды. Әсем Садықова   —  ел тарихында  ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы. 

Оның еңбегі мен табандылығының арқасында Еліміздің Әнұраны ойналып, туымыз көкте желбіреді. Ол ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионаты мен кубогының жеңімпазы және жүлдегері.        ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионаты мен Универсиада ойындарының қатысушысы.

Әсемнің алдағы жоспары — қараша айында Американың Анахайм  қаласында өтетін Әлем чемпионатында  және  келесі жылы Оңтүстік Кореяда болатын Азия ойындарында топ жару. Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшының бапкерлері: Вилорий Пак, Алексей Герасев және Нұржан Смаханов.

Сондай-ақ

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ЖАПОН БАЛУАНЫНЫҢ МОЙНЫН ҮЗГЕН ВИДЕОСЫ

Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды  Бұл туралы Caravan.kz …