Басты бет / Теннис

Теннис

ПУТИНЦЕВА РЕЙТИНГТЕ БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингін жаңартты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бір саты жоғарылап 43-ші сатыға орналасты. Ярослава Шведова керісінше, бір саты төмендеп, 49-шы орынға жылжыды. Зарина Диас болса үш саты жоғарылап, 130-шы орында тұр. Әйелдер арасында Германиялық Анжелика Кербер, Румыниялық Симона Халеп және Чехиялық Каролина Плишкова көш басында тұр. Жұптық …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІЛЕР РЕЙТИНГТЕ ЖҮЗДІКТЕН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) апта сайынғы рейтингін жаңартты. Ерлер арасында бірінші орынды британиялық Энди Маррей сақтап қалды. Екінші орында Испан теннисшісі Рафаэль Надаль. Үздік үштікті Швейцариялық Стэн Вавринка түйіндеп тұр. Қазақстандық спортшылар өз рейтингін түсіріп алды. Кукушкин екі саты төмендеп, 112-ші орынға жайғасты. Алты саты төмендеген Александр Бублик 134-ші орында.   …

толық оқу»

ЗАРИНА ДИАС УИМБЛДОНА НЕГІЗГІ СЕТКАДА ОЙНАЙДЫ

Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA рейтингісінде 133-орында) «Уимблдонда» негізгі сеткада ойнайды, деп хабарлайды Sports.kz Турнир ұйымдастырушылары Заринаның жақында ғана өткен Манчестердегі ITF турниріндегі жеңістерін жоғары бағалаған. Айта кетейік, қазақстандық теннисші үшін бұл төртінші «Уимблдон» ойындары. Ол 2014 және 2015 жылдардағы бәсекелерде үздік нәтижелерге қолжеткізген болатын. inform.kz

толық оқу»

ЗАРИНА ДИАС ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қазақстандық Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында мәреге жеткен ITF турнирінде жеңімпаз атанды. Әлемнің 207-інші ракеткасы З.Дияс финалда дүниежүзілік рейтингте 101-інші орында тұрған сербиялық Александра Круничті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, Зарина жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болатын Манчестер турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді. Еске сала кетейік, Зарина жартылай финалда әлемнің …

толық оқу»

ЗАРИНА ДИАС ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты. Ширек финалдық кездесуде жерлесіміз польшалық Магдалеа Фрешты жеңіл ұтып, келесі кезеңге шықты. Одан бұрын отандасымыз 1/8 финалда аустралиялық теннисші Арина Родионованы  екі сетте де қапы қалдырған боалтын Дияс жартылай финалда Чжан Кайчжэнь — Наоми …

толық оқу»

ЗАРИНА ДИАС ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты. Отандасымыз 1/8 финалда аустралиялық теннисші Арина Родионованы ұтты. ойын 1 сағат 6 минутқа созылып, Зарина Дияс қарсыласын екі сетте де қапы қалдырды. Бірінші сетте 6:2, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді. Қазақстандық теннисші ширек финалда …

толық оқу»

ПУТИНЦЕВА «РОЛАН ГАРРОСТЫ» АЯҚТАДЫ

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің орталық кортында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. www.myscore.ru сайтынан мәлім болғанындай, бірінші партия аса тартысты болды. Осы турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелген Мугуруса ақыры таразы басын өзіне аудара білді — …

толық оқу»

КУКУШКИН «РОЛАН ГАРРОСТЫҢ» ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТЕ АЛМАДЫ

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 85-інші ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 18-інші сатыда тұрған испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. www.championat.com алынған мәліметке қарағанда, бұл кездесуде осы турнирдің 17-інші ракеткасы болып тіркелген испаниялық теннисші 6:3, 3:6, 6:3, …

толық оқу»

ПУТИНЦЕВА РОЛАН ГАРРОСТЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева бүгін Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында Швеция елінің өкілі Юханна Ларссонмен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Юлия дүниежүзілік рейтингте 59-ыншы сатыда тұрған Ларссонды тартысты кездесуде 6:3, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Ю.Путинева үшінші айналымда әлемдік теннистің жарық жұлдыздарының бірі, осы турнирде төртінші …

толық оқу»

ГАРРОС — ШВЕДОВА БІРІНШІ АЙНАЛЫМНАН АСА АЛМАДЫ

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты — Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның екінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Ярослава Шведова Украина елінің өкілі, дүниежүзілік рейтингте алтыншы орында тұрған Элина Свитолинамен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. www.championat.com алынған мәліметке қарағанда, бұл кездесуде Ролан Гаррос турнирінде бесінші ракетка болып тіркелген Э.Свитолина 6:4, …

толық оқу»