Басты бет / Ильяс Жұмабай

Ильяс Жұмабай

АЛМАТЫДА ГОЛЬФ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазанның 26-і күні, «Нұртау» гольф-клубында гольфтан 6-13 жас аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогінің соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. Бұл жарысқа жаңа бағдарлама бойынша тегін үйреніп жүрген балалар қатыса алады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады. Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының …

толық оқу»

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының студенттері арасында волейболдан жарыс өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды. Бұл жарыс №146-ші жалпы білім беру мектебінде 17 ұлдар және қыздар командалары арасында ұйымдастырылды. Қыздар арасында өткен қызықты әрі тартысты болған кездесулердің нәтижесінде бірінші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ жеңіп алды. Ал екінші және …

толық оқу»

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАОНЭ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

Шанхай — Байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар топ жарып, командалық есепте 1 орынға ие болды. Қазақстан қоржынында 15 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль. Екінші орында Қытай, үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді. Естеріңізге салайық, байдарка және каноэ есуден Азия Чемпионатының финалы қазанның 15-18 аралығында Шанхай қаласында өткен болатын. …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Алматы қаласында 1000 аса әуесқойлардың қатысуымен велошеру маусымының жабылуы өтті.  21-ші велошеру қатысушылары әдеттегідей таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, Астана алаңына қарай 8 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәреге бірінші келген 600 әуесқойға медалдар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында көптеген бағалы сыйлықтар, оның ішінде басты сыйлық — …

толық оқу»

АЛМАТЫДА «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда дәстүрге айналған қазақ күресінен «Жас Барыс» атты турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 242 спортшының қатысуымен өткен боз кілем бәсекесі ҚазҰУ-нің спорт кешеніңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен халықаралық федерациясы ережесіне сәйкес өткізілді. Екі кезеңге бөлінген жарысқа Алматының сегіз ауданынан келген жасы 14-15, 16-17, 18-19-дағы жас …

толық оқу»

«АЛМАТЫ» ГАНДБОЛ КЛУБЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ ТУРЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Алматының «Достык» спорт кешеніңде қыздар арасындағы гандболдан ел біріншілігінің екінші туры аяқталды. Супер лигада өнер көрсететін Алматы командасы көш басында деп, Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Соңғы бесінші ойында алматылық қыздар былтырғы маусымның жеңімпаздары «Қайсар-КАМ-КГУ» клубын 24:23 есебімен ұтып, осы турдың үздіктері атанды. Бірінші таймда ұтылып қалғанымен, Арсен Бердібеков шәкірттері …

толық оқу»

ДИДАР ХАМЗА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні Дидар Хамза қола жүлдегер атанды. 73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз 60 спортшының ішінен үздік үштіктен көріне алды. Олимпиада ойындарының қатысушысы алты кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Румыния, Өзбекстан және Тәжікстан балуандыран ұтқанымен, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Әзірбайжан …

толық оқу»

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар жалпы есепте бірінші орын алды, — деп хабарлайды dodasport сайты. 27 мемлекет қатысқан додада Қазақстан 15 қашықтықта да жеңіске жетіп, бірінші орыннан көрінді. Екінші орында жарыс қожайындары Қытайлықтар, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді. Жарыстың алғашқы күні …

толық оқу»

АЛМАТЫДА КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Қазанның айының 21- күні «Halyk Arena»көпфункционалды мұз кешеніндеерлер, әйелдер, жасөспірімдер, жастар, және қыздар арасындағы Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Ел бірінішілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэшілер қатысады.  Жарыста Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары бақ сынайды. Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ВЕЛОШЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазанның 22-і күні  алып шаһарда  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында биылғы велошеру маусымының жабылуы өтеді, — деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  Таңғы сағат  08:30-да велошеру қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның  нөмірлерін  алып, одан кейін 8 шақырым қашықтықты жүріп өтетін болады. Осы велошерудің бағыты …

толық оқу»