Басты бет / Қысқы спорт / «БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Барыс» хоккей клубы Омбыдағы Виктор Блиновты еске алуға арналған жарысты жеңіспен бастады. Елордалық ұжым бірінші ойында ресейлік «Юграны» 4:2 есебімен ұтты.

Ойында бірінші шайбаны 10 минутта Владимир Маркелов соқты. Ал екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері қарсыластар қақпасына тағы үш шайба тоғытты. Найджел Доус, Дмитрий Шевченко мен Мартен Сен-Пьер мергендігімен көзге түсті.

Үшінші кезеңде «Югра» ойыншылары белсеніп, екі шайба соқты. Бірін – Александр Угольников, екіншісін Даниил Ильин өз еншісіне жазды.

Виктор Блиновты еске алуға арналған турнирге 6 команда қатысуда. «Барыс» пен «Юградан» өзге «Авангард», «Автомобилист», «Амур» және «Адмирал» командалары бар. 19 тамызға дейін созылатын жарыста ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

«Барыс» келесі ойынын ертең «Автомобилистке» қарсы өткізеді.

Виктор Блинов – Омбыдан шыққан талантты хоккейші. 22 жасында КСРО құрамында Олимпиада, әлем чемпионы атанған. 1968 жылы жаттығу кезінде көз жұмған.

vesti.kz

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ГОЛЬФ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазанның 26-і күні, «Нұртау» гольф-клубында гольфтан 6-13 жас аралығындағы балалар арасында ашық академия кубогінің соңғы …