Жүзу

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СИНХРОНШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін Канар аралдарында синхронды жүзуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар қола жүлде жеңіп алды. Қазақстандықтарды комбинациялық бағдарламада Украина мен Испания спортшылары алдын орап кетті. Естеріңізге салсақ, кеше біздің синхроншылар техникалық өнер көрсету кезінде де дәл осы екі құрамаға есе жіберіп үшінші орыннан көрінген болатын.

толық оқу»

ВИТАЛИЙ ХУДЯКОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Малайзияның Путраждая қаласында ашық суға жүзуден VII Азия чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия құрлығының үздік спортшыларының бірі Виталий Худяков бұл жолы да өзінің мықтылығын дәлеледі. Отандасымыз 10 км-лік қашықтықты 2:05:26,6 уақытта бағындырып, чемпион атанды. Одан 3 минутқа жуық кешігіп келген Қытайлық Чо Чен-Чи (2:09:07.9) екінші, Малайзиялық Кевин Йеп  (2:10:57.5) …

толық оқу»

АШЫҚ СУҒА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӘБУ-ДАБИДЕ ӨТТІ

  Ашық суға жүзуден әлем кубогының екінші кезеңі Әбу-Дабиде өтті. 10 км-лік марафонда Қазақстан спортшылары да қатысты, — деп жазады dodasport.kz сайты. Әлем кубогының екінші кезеңінде ерлер арасында Ұлыбританиялық Джек Бурнел 1 сағат, 45 минут уақытымен жеңіске жетті. Жалпы сайысқа әлемнің ең мықты деген 72 жүзгіші қатысқан болатын. Қазақстандық спортшылар орташа …

толық оқу»

СУ ДОБЫНАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай, 16-20 желтоқсан аралығында  Су добынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының 3-ші ақтық айналым ойындары өтуде. Су спортынан еліміздің болашағы саналатын жеті команданың жастары сынға түсуде. Үш айналымнан тұратын Қазақстан чемпионатының соңғы кезеңдері Атырау қаласында мәресіне жетеді. Бүгін бірінші айналым өтіп, ұпайлар таратылды. «Астана 2» — …

толық оқу»

БҮГІН ҚАЗАҚ ЖҮЗУ СПОРТЫНДАҒЫ АЛТЫН ҚЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

  Бүгін, қарашаның 22-сі Паралимпиада ойындарының чемпионы, әлем және Олимпиада ойындарының рекордшысы Зульфия Ғабидуллинаның туған күні. Өзінің денсаулығына, жаратылысына қарамастан, тағдырдың қатал сынын басынан кешіріп, оның ауыр жолдарына төзе білген Зульфия атты қазақ қызыны, асыл ананың туған күні. Қазақ елінің абыройын арттырып, Олимп төрінде әнұранымызды шырқатқан спортшымыздың тарихта мәңгі аты …

толық оқу»

МӘНЕРЛЕП ЖҮЗУШІ ҚЫЗДАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БЕС ҚОЛА ЕНШІЛЕДІ

  Жапония астанасы Токио қаласында 6 күн бойы жалғасқан Азия Чемпионаты мәресіне жетті. 13 елдің ішінде сыңға түскен қыздарымыз 5 бағдарлама бойынша 10-шы Азия Чемпионатының 5 қола жүлдесіне ие болды. Бүгін жарыстың соңғы күні үйлесімді жүзуден біздің қыздарымыз «комби» бағдарламасында 3 орынға қол жеткізді. Жалпы есептегі жағдай мынадай: 1-Жапония🇯🇵 2-Қытай🇨🇳 …

толық оқу»

СУ ДОБЫНАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

  Жапония астанасы Токио қаласында су добынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оныншы рет өткізілген додада Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Қыздарымыз 2017 жылдың жазында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды! Команда мен команданың жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Сөйтіп, ерлеріміз күміс және әйелдеріміз қола жүлдегер атанып, керекті ұпайларды жинап алды.

толық оқу»

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІСІН ИЕЛЕНДІ

  Жапония астанасы Токио қаласында су добынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оныншы рет өткізілген додада Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Ұлттық құрама тек финалда жарыс қожайындары, Жапон елінің спортшыларына ғана есе жіберді. Тартысқа толы ойын 6:7 есебімен аяқталды. Сондай-ақ құрамамыз 2017 жылы Венгрия астанасында өтетін лицензиялық әлем чемпионатына жолдама алды. Ұлттық …

толық оқу»

МӘНЕРЛЕП ЖҮЗУШІ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЕРКІН БАҒДАРЛАМАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

  Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатында су спорты түрлерінен жарыстар жалғасуда. Бүгін мәнерлеп жүзуден қыздарымыз бізді тағыда жүлделі орнымен қуантты. Еркін бағдарламада мәнерлеп жүзуден топтық бәсеке өтті. 13 құрама қатысқан додада ұлттық құрамамыз үшінші орыннан көрінді. Ертең команда «комби» бағдарламасы бойынша жарысты жалғастырады. Айта кету керек, кеше …

толық оқу»

МӘНЕРЛЕП ЖҮЗШІЛЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатында су спорты түрлерінен жарыстар жалғасуда. Бүгін командалық сында және жұптық бәсекелерде жеңімпаздар анықталды. Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы «xайлайт» түрі бойынша қола жүлдеге қол жеткізді. Александра мен Екатерина Немичтер «дуэт» бағдарламаларында үздік үштіктен көрінді. Айта кету керек, кеше де ұлттық құрама теxникалық бағдарлама …

толық оқу»