Басты бет / Қысқы спорт / КЕРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

КЕРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

Бүгін «Алматы Арена» мұз сарайында аралас және жастар ұлттық құрама командалары арасында жолдастық матчтар өтті. Спортшылар осы маусымның бірінші жаттығуларын Алматыда өткізді.

Бас бапкер және керлинг Қауымдастығының бас хатшысы Виктор Ким ұлттық құрама командалар әлем чемпионатында бақ сынайтынын айтып кетті.

— Жаңа маусым бүгін басталғанымен, біз әрқашан дайындық үстіндеміз. Жақында Кореядан елге оралдық, біз сонда дайындалдық. Олар біздің спортшыларды толықтай барлығымен қамтамасыз етті. Біз әлем бойынша үздік стадиондардың бірінде жаттықтық. Осындай достық қарым-қатынас, қолдау үшін Корей мемлекетінің керлинг Қауымдастығына шексіз алғысымызды білдіреміз. Бүгін ерлер, әйелдер, аралас жұптар мен командалар (ерлер мен әйелдер), есту қабілеті зақымдалған спортшылар және мүшелері трансплантталған спортышалар жаттығып жатыр. Олар әлем чемпионаттарына дайындық үстінде. 14-16 қазан күндері керлингтен аралас жұптар арасында әлем чемпионаты Швейцарияда өтеді. Жақында Түркия мемлекетіне аттанып, дайындығымызды жалғастыратын боламыз. Аталмыш чемпионаттан кейін спортшыларымыз

Азия-Тынық мұхит біріншілігіне қатысады.Онда Олимпиада ойындарына іріктеу өтеді. Содан соң, біз қайта Кореяға ораламыз, — деп жоспарларымен бөлісті Виктор Ким.

Сонымен қатар, ол желтоқсанда Қазақстанда IV қысқы спартакиада өтетінін де атап өтті. Республикалық деңгейдегі жарыста әйелдер, ерлер, аралас жұптар және командалар өзара мықтыны анықтайтын болады. Біздің ел үшін керлинг жаңа спорт түрі болғанымен, бұқаралық жағынан қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда, ресми түрде 827 спортшы тіркелген. Өз кезегінде, спортшылар керлинг – жас ерекшеліктеріне қарамастан, барлығына арналған дейді.

— Бүгін Кореядан кейінгі алғашқы жаттығумыз Алматыда өтті. Шыны керек, Кореяда Олимпиадалық стадион болғандықтан, мұз айырмашылығы орасан зор. Осы маусымға жоспарлар көп. Әрине, ең маңыздысы, әлем чемпионаты. Бұл додаға екі ұл мен екі қыз қатысатын болады. Мен жастайымнан осы спорт түрімен айналысамын. Ең бастысы, өз ісіңізді сүйіп, аянбай еңбек ету қажет, сонда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз. Мен барлығына керлингпен шұғылдануға кеңес беремін, өйткені бұл спорт түрі кез-келген жастағы адамға ұнайды деп ойлаймын, — деп атап өтті керлингтен әйелдер құрама командасының капитаны Зарема Әбдіқадырова.

Спортышылардың айтуынша, Қазақстанда керлинг 2017 жылы елімізде өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиададан кейін қарқынды дамуда. Сонымен қатар, айтулы додадан кейін осы спорт түрімен қызығушылар саны да артып келеді.

Айта кетер жайт, керлинг – мұздағы спорттық ойын, оның басты мақсаты дөңгелек нысанаға шайбаны дәл сырғанатып қою.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ КОМАНДАСЫ КЕЛЛ БРУКПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЙЫН

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) командасы жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы …