Хоккей

«ГАДКИЙ УТЕНОК» — ҮЙРЕКТІҢ БАЛАПАНЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ СИМВОЛЫ

2018 жылы хоккейден Данияда өтетін әлем чемпионатының ресми белгісіне үйректің балапаны таңдалып алынды. Чемпионат белгісін таңдап алуға Ганс Христиан Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі себеп болды. «Ұсқынсыз үйректің» аққуға айналуы соңғы 15-20 жылдағы балалар хоккейінің дамып келе жатқандығын білдіреді. Қазіргі уақытта үйректі таңдауға дауыс беріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы …

толық оқу»

«БАРЫС» ШІЛДЕДЕ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАЙДЫ

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2017/2018 жылғы маусымға даярлықты 8 шілдеден бастайды. Бұл жайында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген команданың бас бапкер Евгений Корешков мәлімдеді.  Бас бапкердің айтуынша, барлық ойын­шы­лар медициналық тексерістен өткеннен соң 8 шілдеде Астанадағы базада бас қоса­ды. Сол жерде бір апта жаттық­қан­нан кейін Алматыдағы «Ақбұлақ» шипа­жа­йын­да ат …

толық оқу»

ӨСКЕМЕН ХОККЕЙІН КҮШЕЙТУ ҮШІН КАНАДАЛЫҚ МАМАНДАР ШАҚЫРТЫЛАДЫ

Хоккейдің жілігін шағып, майын ішкен мамандар енді қазақстандық хоккейдің ұстаханасы саналатын Өскемен хоккейінің дамуына атсалыспақ. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайлды қабылдауы барысында айтылды. Тараптар арасындағы негізгі әңгіме де екі елдің арасындағы спорт саласына, біздегі хоккей спортын әлемдік деңгейде дамытуға, …

толық оқу»

ҚҰРЛЫҚТЫҚ ХОККЕЙ ЛИГАСЫНДА «АЛМАТЫ» КОМАНДАСЫ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН

Құрлықтық хоккей лигасында Алматылық хоккей клубы пайда болады Бұл ақпаратты ҚХЛ-дің президенті — Дмитрий Чернышенко, айтып берді. Алматыдан ҚХЛ-ге қатысуға ұсыныс түсіп жатқанын мәлімдеді. Алматы әкімі — Бауыржан Байбек мырзада, футболда «Астана» мен «Қайрат» бар, ал енді хоккейде Құрылықтық хоккей лигасында «Барысқа» қарсы тұра алатын, алматылық клуб пайда болады және …

толық оқу»

ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТПЕКШІ

Эдуард Занковец Қазақстанның хоккей құрамасының және астаналық «Барыс» ХК бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Қазақстан құрамасының және елордалық «Барыстың» бас тізгінін ұстаған бапкер Эдуард Занковец журналистерге берген сұхбатында арадағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кететінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 47 жастағы Беларусь маманы «Барыс» ХК бас бапкері қызметіне өткен жылы …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХОККЕЙШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮЗДІК ШАБЫЛУШЫСЫ

  Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы матчтарында сәтсіз өнер көрсеткенімен, оның ойыншысы үздік мерген және шабуылшы атанды. Біздің форвард Найджел Доус гол+пас (5+4) жүйесі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, шабуылшылар бәсекесінде топ жарды. Оның үстіне, Доус турнир барысында бес шайба соққан жалғыз ойыншы болды. Үздік шабуылшылардың үштігіне қазақстандық тағы …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ПОЛЬШАНЫ ЖЕҢДІ

Хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионында Қазақстан құрамасы бүгін үшінші матчын өткізді. Алғашқы ойында қазақстандық хоккейшілер Австрияны 3:2 есебімен жеңген болатын. Артынша сенсациялық түрде Оңтүстік Кореяға жол берді – 2:5. Ендігі қарсылас Польша құрамасы болған. Бұл командада да дәл осындай нәтиже еді. Екі ұжымда да 4 ұпайдан. Қазақстан құрамасы бесінші ұпайына …

толық оқу»

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ХОККЕЙДЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін әйелдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық ойыны өтті. «Айсұлу» мен астаналық «Томирис» командалары бірінші орынды сарапқа салды. Финалдық матч 2:0 есебімен алматылық ұжымның пайдасына шешілді. Осылайша, астаналықтар күміспен күптелсе, өскемендік «Торпедо» қоланы қанағат тұтты.Чемпионаттың үшінші кезеңінде барлық кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Айсұлу» командасы бүгін де қарсыластарына шайба соғуға мүмкіндік …

толық оқу»

ҚОС АЛМАТЫЛЫҚ ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНЫ

Қос алматылық хоккей командаларының ойыны  «Айсұлудың» айқын жеңісімен аяқталды Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның кезекті ойындары  өтті. Алматылық «Айсұлу» командасы Қазақстан біріншілігін сәтті жалғастыруда. Бүгін екі алматылық хоккей клубтарының кездесуінде Александр Мальцевтың командасы «Жұлдыз» хоккейшілерін 11:0 есебімен ойсырата жеңді. «Жұлдыз» клубын ойсырата ұтқан …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚАҚПАШЫСЫ АТАНДЫ

  2017 жастар арасындағы хоккейден  әлем чемпионатының қорытындысы бойынша «ең үздік» ойыншылар анықталды. «А» дивизионындағы «ең үздік қақапашы» атағын Қазақстандық спортшы жеңіп алды. «Ең үздік қақпашы» —  Демид Еремеев, «үздік қорғаушы» дат Даниель Андерсен, «үздік шабылушы» — француз Александр Тексье. Қазақстандық қақпашы Демид Еремеев үш ойында үш шайба жіберген. Соққыларды қайтару —  96,84 пайыз.

толық оқу»