Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ЖАПОН БАЛУАНЫНЫҢ МОЙНЫН ҮЗГЕН ВИДЕОСЫ

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ЖАПОН БАЛУАНЫНЫҢ МОЙНЫН ҮЗГЕН ВИДЕОСЫ

Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды  Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Тарихта қалған әйгілі жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша ол 1905 жылы болған көрінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан мен жапон палуаны Саракики Джиндофу арасындағы джиу-джитсу бойынша өткен жекпе-жек. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресі бойынша ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-джитсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды. Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып жұлып алады. Дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.

Мынау Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. 1911 жыл. Жарыс Харбинде өтіп жатыр. Ұзақтығы 22-ақ секунд. Атамыз жекпе-жекке шығар алдында "Иә, Баба Түкті Шашты әзиз атам, өзің қолдай көр" деп шыққан болса керек. Жапонның желкесін қиып жіберді.

Опубликовано Sanjar Kerimbay 2 октября 2017 г.

Мынау Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. Оны әлеуметтік желіге Санжар Керімбай жүктеді. Жарыс Харбинде өтіп жатыр. Ұзақтығы 20-ақ секунд. Видеода Саракикидің Қажымұқан бабамызға қандай соққылар жасағын көруге болады. Тарихта палуан бабамыздың жекпе-жектен жарақат алғаны белгілі

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий