Басты бет / Слайдер / «АСТАНА» «СЕЛТИКТЕН» 5:0 ЕСЕБІМЕН ҰТЫЛДЫ

«АСТАНА» «СЕЛТИКТЕН» 5:0 ЕСЕБІМЕН ҰТЫЛДЫ

Тамыздың 16-сынан 17-іне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» ФК сырт алаңда глазголық «Селтик» клубына қарсы кездесу өткізген болатын. Матч 5:0 есебімен Шотландияның 48 дүркін чемпионы пайдасына аяқталды.

Голдар: Евгений Постников (32′, автогол), Скотт Синклэр (42′, 60′), Джеймс Форрест (79′), Ли Гриффитс (88′). Қарымта матч 22 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұған дейін бұл стадионда қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» Чемпиондар лигасымен қош айтысып, кейін Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тепкен болатын.

Ескертулер: Браун, 42. Тирни, 49 – Постников, 6. Логвиненко, 63. Шитов, 69.
«Селтик»: Гордон, Тирни, Шимунович, Биттон, Лустиг, Нчам, Браун, Синклер, Рогич (Макгрегор, 63), Форрест (Армстронг, 82), Гриффитс.
«Астана»: Мокин, Шомко, Логвиненко (Бейсебеков, 66), Постников, Шитов, Маевский, Кляйнхайслер, Мұжықов (Граховац 82), Томасов (Муртазаев, 77), Твумаси, Кабананга.
Төрешілер: Хацеган, Шовре, Георге (бәрі де – Румыния)

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН АУЫР АТЛЕТИКА ҚҰРАМАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАРЫСТАРДАН ШЕТТЕТІЛДІ

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы ресми түрде бір жылға барлық бәсекелерден шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық ауыр …